Мақтарал ауданы: Имандылық ізгілікке бастаушы жол

Жуырдағана Жетісай қаласындағы №6 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында өткен рухани іс-шара осылай аталды. 9-10 сыныптар арасында өткен аталмыш шараға Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің бас имамының орынбасары Нұрматов Абдурахман арнайы қатысып оқушыларға бүгінгі қойылып отырған тақырыпқа сай уағыз-насихат сөздерін айтты. Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдабекова Ж. Кіріспе сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. Шара барысында аталмыш мектептің үлгілі оқушысы Хабибұллаев Заманбек «Өз дініміз неге өгей?» атты баяндама жасап, оқушыларға Ислам дінінің басқа діндерден және секталардан айырмашылығын түсіндірді. Ол, өз баяндамасында Исламның соңғы және хақ дін екендігін айтып, оқушылардың қате түсініктерін түзетуге, оларды имандылыққа шақыруға үгіттеді.

Сондай-ақ, оқушылар тарапынан қойылған «Кәзіргі таңда Ислам дінінің насихатталуы қаншалықты дәрежеде жүргізіліп жатыр? Өзге діндердің насихаты күшейіп, өз дініміз өгейсіп бара жатқан жоқпа?», (сұрақты қойған Сайлау Бекасыл атты оқушы) «Тұмшаланып киініп алған, сақал өсірген жастарды көргенде секемдене қарайтынымыз шындық. Бірақ олармен сөйлескенде олар да Мұхаммед Пайғамбарды сөз етеді. Олардың да сеніп жатқаны бір Алла, оқитындары бір намаз. Сөйте тұра не үшін олардың жасаған кейбір іс-әрекеттері кереғар болып жатады? Мысалы, келін түскенде бет ашар жасатып, келінге сәлем салдырмау керек, жеті шелпек тарқатпау керек т.б деген секілді. Осыдан, мүмкін біздің ата-бабаларымызда қателескен болар деген ой туындайды. Осыған өз пікіріңізді айтсаңыз», (сұрақты қойған Мамырқызы Ғалия атты оқушы)  «Тағдыр дегенді қалай түсінуге болады? Біреулер не істесең де пешенеңе жазылғанда көресің десе енді біреулер тағдыр өз қолыңда дейді. Осы туралы не айтасыз?», (сұрақты қойған Құрбанәлі Балжан атты оқушы) «Ең үлкен күнә Аллаға серік қосу дейді. Бірақ бұрынғы ата-бабаларымыз әулиелерге барып, тілек тілеп перзент сұраған. Бұл серік қосу емеспа? Неге әулиеге барып көмек сұрайды? Алла қай жерде отырып тілесең де қабыл етпей ме? Осы жайлы не айтасыз?» (сұрақты қойған  Айдарқұл Ақнұр атты оқушы) деген секілді сұрақтарға ауадан имамының орынбасары А.Нұрматов нақты жауаптар қайтарып, қойылған сұрақтар төңірегіндегі мәселелерге кеңінен түсінік беріп өтті.




Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу