Аристанов У: «Дүние мен ақырет үшін бұл хадистен пайдалы хадис көрмедім»

Пайғамбар (с.а.у)-ға сахабалар келіп өзіне керекті болған мәселелерді сұрап жауабын алып кететін еді. Төмендегі хадисте де бір даланың арабы Пайғамбар (с.а.у)-ның алдына келіп дүние және ақырет үшін қажет болған 24 сұрақ қойып қияметке дейін келетін мұсылмандарға дүние және ақыреттегі жақсылықтарға жеткізетін жолды белгілеп береді. Имам Мустағфири «Бұл хадистенде ұлы және дүние мен ақырет үшін пайдалы хадисті көрмедім» деген екен.

Халид ибн Валид (р.а) айтады. «Бір шөлдің арабы Пайғамбар (с.а.у)-ның алдына келіп, «Эй Алланың елшісі мен сізден екі дүниеге татитын нәрселер жайлы сұрау үшін келдім» деді. Пайғамбар (с.а.у) қалағаныңды сұра деді.

1 сұрақ  «Адамдардың ең білімдісі болуды қалаймын» деп сұрады.

Пайғамбар (с.а.у) «Аллаға тақуа ет. Ең білімді адам сен боласың» деді.

2 сұрақ  «Ең бай адам болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Қанағатшыл бол ең бай адам сен боласың» деді.

3 сұрақ «Ең әділ адам болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Өзің үшін жақсы көрген нәрсені өзгелер үшін-де лайық көр, ең әділетті сен боласың » деді.

4 сұрақ «Ең жақсы адам болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Адамдарға (қоғамға) пайдалы бол, ең жақсы адам сен боласың» деді.

5 сұрақ «Аллаһтың ең жақын пенделерінен болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Аллаһты көп зікір ет, Аллаһтың жақын пенделерінен боласың» деді.

6 сұрақ «Иманым кәміл болуын қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Мінезіңді көркем ет, иманың кәміл болады» деді.

7 сұрақ «Мухсиндерден болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Алланы көріп тұрғандай ғибадат жаса, сен ол Затты көрмесең де ол сені көріп тұрады. Солай жасасаң мухсиндерден боласың» деді.

8 сұрақ «Аллаға бойсынушылардан болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Парыз амалдарды өз уақытында орында, бойсынушылардан боласың» деді.

9 сұрақ «Аллаға күнәлардан пәк болған халде жолығуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Жүнүбтіктен жақсылап тазалан Аллаға күнәлардан пәк халде жолығасың» деді.

10 сұрақ «Қиямет күні нұр ішінде тірілуді қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Ешбір адамға зүлімдік жасама қияметте нұр ішінде тірілесің» деді.

11 сұрақ «Қиямет күні Раббым маған рахымшылық жасауын қалаймын» деді

Пайғамбар (с.а.у) «Өзіңе және адамдарға рахымділ бол, Раббың саған қиямет күні рахымшылық жасайды» деді.

12 сұрақ «Күнәларым аз болуын қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Көп истиғфар айт, күнәларың аз болады» деді.

13 сұрақ «Ең абыройлы ұлы пенде болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Адамдарға ешбір нәрседе шағымданба ең ұлы пенде боласың» деді.

14 сұрақ «Ең күшті адам болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Аллаға тәуекел ет ең күшті адам боласың» деді.

15 сұрақ «Аллаһ рызқымды мол етіп беруін қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Әрқашан дәретпен жүр рызқың мол болады» деді

16 сұрақ «Аллаһ және пайғамбар (с.а.у) жақсы көрген пенделерден болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Аллаһ және расулі жақсы көрген нәрсені жақсы көр, олардың сүйіктісі боласың» деді.

17 сұрақ «Қиямет күні Аллаһ т қахарынан аман болуды қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Алланың пенделерінен еш біріне қахарланып ашуланба, қияметте Аллаһ т қахарынан аман боласың» деді.

18 сұрақ «Дуғаларым қабыл болуын қалаймын» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Харам тамақтан ұзақ бол, дуғаларың қабыл болады» деді.

19 сұрақ «Қиямет күні Раббым күнәларымды жасыруын қалаймын» деді.

Пайғакмбар (с.а.у) «Бауырларыңның (адамдардың) күнәларын бекіт, қияметте Аллаһ т күнәларыңды жасырады» деді.

20 сұрақ «Күнә қателерден құтқаратын нәрсе не?» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Көз жасы, бойсыну, дерт (кесел)» деді.

21 сұрақ «Аллаһ т қалауындағы (хузіріндегі) ең ұлы жақсылық не?» деді

Пайғамбар (с.а.у) «Көркем мінез, кішіпейілділік, қиыншылықтарға сабыр» деді.

22 сұрақ «Аллаһ т хузіріндегі ең жаман күнә не?» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Әдепсіздік (жаман мінез), құлына айналған сараңдық» деді.

23 сұрақ «Дүние және ақыретте Аллаһ т ашуын басатын (қайтаратын) нәрсе не?» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Жасырын, құпия жасалған ихсан, ағайын-туыстармен қарым-қатынас жасау» деді.

24 сұрақ «Қиямет күні жаханнам отын сөндіретін нәрсе не?» деді.

Пайғамбар (с.а.у) «Дүниедегі қиыншылық, қайғыларға сабыр ету, ақыретте жаханнам отын пәсейтеді» деді. (Имам Ахмад руаяты)

Сарыағаш ауданы Келес өңірі «Ешан баба» мешіті бас имамы Аристанов У.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу