Мақтарал ауданы: Медицина колледжінде кездесу өтті

Ақпан айының 27 жұллдызында «Жетісай медицина колледжінің» студент жастарымен «Діни экстремизм және керітартпа діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Аталмыш шараға аудандық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің бастығы П. Есенбеков, ҰҚК-нің Мақтарал аудандық бөлімінің қызметкері А.Ярмұхаммедов және Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің бас имамының орынбасары А.Нұрматовтар қатысып тақырыпқа байланысты өз баяндамаларын жасады. Алғаш болып мінберден сөз алған аудандық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің бастығы П. Есенбеков баяндамасында:

- Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбейуде. Ұлтымыздың салт-дәстүріне қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Дін атын жамылып, Ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Сол кері тартпа ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің Экстремизм., террор діні саналуы бізді қынжылтады.

Секта – орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ болып есептеледі. Олардың негізгі мақсаттары басқа діндерге нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау, адам ойына үстемдік жүргізу, мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу, халықтың патриоттық қатнастарын бұзу,-деп өз ойын аяқтады.

Кезекті сөзге шыққан аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің бас имамының орынбасары А.Нұрматов өз сөзінде:

- Ислам дінінде зорлық-зомбылық, дінді күшпен мойындату деген жоқ. Ислам діні сенім бостандығының кепілі. Еліміздің әр түпкірінде бой көрсетіп жатқан осындай халқымызға жат келеңсіз қылықтармен күресу тек мемлекеттің ғана міндеті демей жалпы халықтық тұрғыда қарап, лаңкестікке, іріткі салушылыққа қарсы күресу әр қазақстандықтың міндеті деп түсінуіміз керек. Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата-бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығара алмаймыз. Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні. Әрбір ұрпақ өзінен кейінгі келер ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын қалдырып кетуі аманат етілген – дей келе елге тыныштық, халыққа ауызбірішілік тілеп сөзін аяқтады.

Шара соңында студенттер өздерін қызықтырған түрлі мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу