Қадірлі ағайын!
ҚМДБ Зекет қорына қолдау көрсетіп, төменде көрсетілген есеп-шоттарға қаражат аударуларыңызға болады.
Зекет шоты – зекет ниетімен аударатын қаражаттарыңыз үшін. Бұл шотқа түсетін қаражат тек қана тиесілі жерлерге зекет ретінде жұмсалады. Ауылдардағы имамдардың жалақылары, болашақ діни мамандарға тағайындалатын шәкіртақылар, жағдайы төмен отбасыларға көмек, т.б.
Уақф шоты – Алла разылығы үшін аударылатын қосымша садақалар үшін. Бұл шотқа түсетін қаржы еліміздегі Ислам дінін күшейтуге бағытталған жан-жақты әрі кешенді шараларға жұмсалады. Ислам ғылыми зерттеу орталығын ашу, сапалы діни әдебиеттер дайындап, тарату, діни білім мекемелерінің, медреселердің саны мен сапасын арттыру, т.б.
«ҚМДБ Зекет қоры» Корпоративтік қоры
Мемлекеттік тіркеу: 3.05.2022
Мем. тіркеу куәлігі: 109611-1910-КР
СТН: 600900643231
Мекен-жай:
050016 Алматы қ-сы, Маметова к-сі, 1б.
Тел. +7 727 3976384
Факс: +7 727 3976386
Есеп-шоттар:
«БТА Банк» АҚ, Алматы филиалы, «Алатау» бөлімшесі
«ҚМДБ Зекет Қоры» КҚ,
СТН: 600900643231
Кбе: 18
БИК: ABKZKZKX
Зекет шоты (KZT): KZ30319A010004098034
Уақф шоты (KZT): KZ95319A010004098028
ҚМДБ Зекет қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым.
Қордың құрылтайшысы – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы.
ҚМДБ Зекет қорының:
Миссиясы: Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының зекетінің жиналуы мен таратылуын жүзеге асыру
Мақсаттары:
Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру;
Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау;
Діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету;
Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу;
Қажетті діни басылымдарды баспаға әзірлеп шығару, халыққа тарату;
Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету;
Жағдайы төмен топтарға қаржылай көмек беру;
ҚМДБ-ның басқа да діни қыметтеріне қаржылай қолдау көрсету.
Басты ұстанымы:
– Шариғатқа (Ханафи мәзһабы бойынша) сәйкестік
– Халыққа ашықтық
– Ресмилік
Байланыс ақпараты:
Тел. +7 727 3976384
Email: [email protected]
www.zeket.org.kz (жақында ашылады)