БАС МҮФТИДІҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІН ҚОЛДАУ
2011 жылдың 12 шілде күнгі Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіндегі

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ, ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ

министрліктер мен салалар жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына,кәсіпкерлер мен ел халқына қасиетті Рамазан айына қатысты «ЖАРЫЛҚАУШЫ АЙДА ЖҰРТҚА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙЫҚ» үндеуін бір топ Шардаралық бір топ кәсіпкерлер қолдаймыз.

Шындығында сүйікті Отанымыз үшін 2011 жыл ерекше жыл болып отыр. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы, Қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты болсын.

Үндеуде Бас мүфтиіміз Рамазан айында: «Мүмкіндігі бар отандастарымды осынау қасиетті де, берекеге толы айда Алла разылығы үшін игі істерді мейлінше көбірек жасауға шақырамын. Жыл сайын Рамазан айы келуімен дүкендер мен базарларда азық-түлік бағаларының күрт қымбаттап кететінін көріп жүрміз. Бұл, әрине, халықтың орынды наразылығын туғызады. Мүбәрак айда кәсіпкер мұсылман бауырларымды Жасаған иеміздің мейірімін тілеп, азық-түліктің, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің бағасын 10 пайызға жеңілдетуге шақырамын. Қоғамдық көліктерде жүру ақысы, коммуналдық төлемақылар және телекоммуникациялық байланыс тарифтері де осылай төмендетілсе» деген үндеуіне үн қосып,осынау қасиетті бастамадан біздер, яғни Шардаралық кәсіпкерлер де шет қалмауды ұйғарып отырмыз. Халқымыздың қанына сіңген қонақжайлылық, жомарттық, дархан пейіл меймандостығының бір парасын жылында бір келетін Алла тағаланың сауабы мол мейірімі мен рахымы төгілген қасиетті Рамазан айында көрсете білсек нұр ұстіне нұр болар еді. Қасиетті Рамазан айы кіруімен ораза ұстаған күні бойы аш жүру арқылы аштықтың тауқыметін сезініп, адам баласының мейірімі оянып қайырымдылық жасауға әрекет ететін ай. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің үндеуіне Шардаралық кәсіпкерлер де өзіміз басқарып отырған жұмыстарымызда халықтың игілігіне жеңілдіктерді жасауға бел буып, Санаулы күнде сауап қақпасы ашылатын қасиетті Рамазан айында үндеуге үн қосуға дайынбыз. Дін басымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретке Алла тағала разы болсын. Қашанда болса, Елім, жерім, қасиетті дінім деп елді ынтымаққа, бірлікке, меймандостыққа, жомарттыққа, шақырып, халықтың қуанышын бөлісіп, қайғысына ортақтасып жүргенін естіп те, көріп те, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен оқып та жүрміз. Дінбасымыздың халыққа жасаған үндеуін, патуаларын қолдаймыз және қолдай отырып тиісті міндеттерімізді атқарамыз.

«Жұртымыз қасиетті айда Алла тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, шариғатымыз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болса деген тілегім бар. Мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі ішілмесе, дүкендерде сатылмаса». Егеменді ел болып Тәуелсіздік туы желбіреп, жоғалтқанымыз қайта табылып кең байтақ Еліміз Қазақстанның түкпір-түкпірлерінде рухани ғибадат орындарымыз көбейіп, имандылыққа бет бұру күннен-күнге артып келеді. Соның дәлелі ретінде айтып өтсем қазіргі таңда бірқатар тойларымыз басқа мерекелерімізді арақ-шарапсыз өткізіп жатқан жағдайлар жиі кездеседі. Оған қуанамыз да, өйткені арақ атамыздан қалған ас емес. Рамазан айы кірумен ораза ұстау әрбір ақыл есі дұрыс, бас бостандығы өзінде болған мұсылман баласына парыз екенін білеміз. Алла тағала Оразаның сауабының есебін өзі ғана білетіндігін, ал ораза ұстай алмаған адам болса, ең болмаса ауыз бекітуге немесе оразасын ашуға себепші болса, тіпті ораза ұстаған адамның алдында құрметпен қарап тамақ жемей, сусын ішпей ораза ғой деп құрметтегеннің өзі сауап екенін айтып жатады. Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында Алла тағаланың әміріне бой ұсынап, дастарханымызда, дүкендерімізде ішімдік арақ-шарап сатылмауы тиіс. Оның харам екендігі жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.с) «Адам баласын мас қылатын ішімдіктің көбі де азы да харам»,- деген. Арақ-шарап ішімдіктер адам баласына жақсылық әкелмеген. Осы жамандықтың салдарынан қанша ма ер азамат жол апатына ұшырап, артында көздері жәутеңдеген балалары жетім қалып, қаншама отбасының некесі ойран болып ажырауына есбер болуда. Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің халыққа үндеуі, елдің игілігі жақсылығы үшін айтылып жатқанын білуіміз қажет. Өзіміздің отбасымызда келешек өсіп келе жатқан Қазақстанның жарқын болашақтары болған жастарымыздың келешегін ойлап, үйімізден, дастарханымыздан, дүкендерімізден арақ-шараптарды аластатайық.. Сондықтан да бұл үндеу өте орынды баршамыз оны толығымен қолдауымыз керек, қолдайды деп те сенім артамыз. Дана халқымыз айтады: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ынтымақ, бірлік, татулық болса тірлік болмақ.. «Бақ қайда барасын ынтымаққа барамын»,- дейді. Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің үндеуін қолдауға барша кәсіпкерлерді шақырамыз. Рамазан айы мұсылман қауымына құтты мүбарак болсын. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде «Алла тағала разылығы үшін істелген әрбір жақсылыққа он сауап жазады»,-деген. Қасиетті Рамазан айында ел игілігі үшін қызмет жасауға шақырамын ағайын.

Бір топ кәсіпкерлер: