ҚМДБ, Шардара мешіті

ОҚО Шардара аудандық орталық мешіті

Өкіл имам Шардара ауданында өткен «Қош келдің мәуліт» рухани мерекелік кешке қатысты

Ақпан айының 16 - шы жұлдызында «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Шардара қаласы «Абай» мәдениет сарайында «Қош келдің мәуліт» атты рухани мерекелік кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев арнайы іс - сапармен келіп қатысты. Сапардың басын аудан әкімшілігіне бұрып, аудан әкімі Мараим Марғұлан Зұлқарнайұлын зиярат етіп, Шардара ауданы бойынша жүргізіліп жатқан ішкі саясат және дін саласы сонымен қатар Алла үйіне көрсетіп жатқан  қайырымдылықтарына разылығын білдіріп, сосын тұлпардың басын «Абай» мәдениет сарайына бұрды. [Жалғасын оқу...]

Шардара ауданы: Аудандық кітапханадағы имандылық бұрышы толықтырылды.

Ақпан айының 15 - ші жұлдызында аудандық кітапхана бөлімінің бастығы Туребекова Ғайша ханымды аудан имамы Асылхан  Данияров аудандық қажылар қауымдастығының төрағасы Өзденбаев Дәулет қажы, найб имам Күзембай Бекайдар арнайы зиярат етті. Жүздесу барысында аудан имамы Ислам [Жалғасын оқу...]

Шардара ауданы: Ауған ардагерлеріне қайырымдылық

Ақпан айының 14 - ші жұлдызында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 15 - ақпан бұрынғы кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауған елінен шығарылғанына 23 жыл толуы қарсаңында, Шардара Су электр стансасы АҚ басшылығының демеушілігімен күнделікті тұтынатын  1 қап ұн, ақ май азық түлікпен ауған соғысы ардагерлерінің  отбасына  қайырымдылық көрсетіп, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастағы Алипов Бақтыбай, [Жалғасын оқу...]

«Шардара» орталық мешітінде өткен кезекті жиналыс

«Шардара» орталық мешітінде  ауыл мешіт имам молдаларының қатысуымен кезекті семинар өтті.  Жиналыс барысында аудан имамы А. Данияров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша [Жалғасын оқу...]

Шардара ауданы: «Білім алу парыз»

Ақпан айының 12 - ші жұлдызында аудан имамының ұйымдастыруымен «Шардара» орталық мешітінде «Сарыағаш» медресесінің ұстазы Оразымбетов Абдужамил  «Дәрет», «Намаз» бабы бойынша ауыл имам молдалары және  мешіт жамағатына  дәріс өтті. [Жалғасын оқу...]

Шардара ауданы Қазақстанның 60 - жылдығы ауыл мешіті «Діни ағымдардың алдын алу»

     Ақпан айының 06 - шы жұлдызында Егізқұм жалпы орта мектебінде кері тартпа «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуге, Егізқұм жалпы орта мектебінің директоры Момынов Әбдәшім, сынып жетекшісі Малдыбаева Гүлбахрам, 60 - жылдық ауыл мешітінің бас имамы Ерназаров Асанхан қатысты. Кездесуде мектеп оқушыларына  ҚМДБ - ның көрсеткен діни ағымдардың ақпараттық бюлетеньдерімен таныстырылып, олардың зияндығы жайлы айтылды. Кездесу барысында оқушылар арасынан  қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің
бас имамы                                                                                             А. Данияров

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) - ның мінез - құлқы

Ақпан айының 09 – шы жұлдызында Шардара қаласы Сол жағалау ауылы Құрманғазы Сағырбайұлы жалпы орта мектебінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) - ның «Мінез - құлқы жайында», «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта мектептің 9 - шы сынып оқушыларымен кездесу өтті. [Жалғасын оқу...]

«Шардара» орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеші өтті

 

 

Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын!

Наурыз айында «Шардара» орталық мешіттің ұйымдастыруымен аудандық «Абай» мәдениет үйінде, Сүткент ауылы Төлеген Тәжібаев жалпы орта мектебінің үлкен залында «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты Тоқсанбай Бердібеков, мекеме басшылары, мектеп директорлары, жоғарғы сынып оқушылары және қала тұрғындары, ауыл имамдарының қатысуымен өтті. Мерекелік кешті Шардара ауыл мешітінің бас имамы Абдраманов Смат жүргізіп отырды. Алғашқы сөз Аллаһ тағаланың кәламы Қасиетті құран кәрімді оқуға Қазақстан ауыл имамы Қуатбеков Жомартқа берілді. Кеш барысында аудандық орталық мешіттің бас имамы А. Данияров мерекелік кешке жиналған қауымға адамзат тарихында ең ұлы - сүйікті Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келген мәуліт күні жөнінде қысқаша тоқталып өтті. [Жалғасын оқу...]

«Алланың мешітін гүлдендіруге үлес қосқандарға шексіз сауап болады»

Алла тағала Құран Кәрімде былай деген. «Алланың бірлігіне және қиямет күніне сеніп Алланың мешітін гүлдендіруге үлес қосқандарға шексіз сауап болады»

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы нығайып халқының әл - ауқаты жағдайы жақсарып келеді. Дегенмен әлі де жетіспеушіліктер бар. Бүгінгі таңда рухани орталығымыз Алла тағаланың жердегі ғибадат үйлері, мешіттер құдай сүйген жандардың демеушілігіне мұқтаж болып отыр. [Жалғасын оқу...]

Дін ынтымақ-бірлік тірегі

Шілде айының 11 ші жұлдызында Шардара аудандық орталық мешітінде «Дін ынтымақ-бірлік тірегі» атты семинар өтті. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы және ауыл имам молдалары қатысты. Семинарды бастаудан алдын Қазақстан ауыл мешіті «Сары Амангелді» мешітінің молдасы Қуатбеков Жомарт қасиетті Құран Кәріммен ашып, сөз кезегін алған аудан имамы Асылхан Данияров күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Күллі мұсылман қауымы сағынышпен күткен қасиетті Рамазан айына дайындық, демеуші тарапынан ауыз ашар беруді ұйымдастыру, қасиетті жұма күні сағат 11 00-ден бастап Құран Кәрім дисклерін қою. Діни басқарманың төл басылымдары «Ислам және өркениет» газетімен, «Иман» журналына жаздыруды межесінен артық орындау керектігін атап өтті. Қазіргі таңда Исламға бет бұрушы жастар арасында белең көрсетуші «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу». Егеменді ел болғалы бері дінге бет бұрушылық күннен-күнге көбейіп келеді. Десе де көптеген жастарымыз істеген іс әрекеттеріне өздері түсінбей түсініксіз секталардың дін атын жамылған ұйымдардың жетегінде кетуде. Еліміздің идеологиясына зиянын тигізумен қатар, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпттарымызға балта шабуда. Ал бұл құбылыстың басты себебі діни сауатсыздық. [Жалғасын оқу...]

«Ілімнің әсері мәңгілік қалады »

Абу Хурайра (р.а) риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) айтты: «Кім бір жақсылыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің алған сауабынша сауап болады мұнымен қоса олардың сауаптары кемеймейді. Кім бір жамандыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің күнәсындай күнә алады. Мұнымен қоса олардың күнәларынан еш нарсені кемейтпейді». [Жалғасын оқу...]

БАС МҮФТИДІҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІН ҚОЛДАУ! (Шардара ауданы)

БАС МҮФТИДІҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІН ҚОЛДАУ
2011 жылдың 12 шілде күнгі Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіндегі

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ, ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ

министрліктер мен салалар жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына,кәсіпкерлер мен ел халқына қасиетті Рамазан айына қатысты «ЖАРЫЛҚАУШЫ АЙДА ЖҰРТҚА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙЫҚ» үндеуін бір топ Шардаралық бір топ кәсіпкерлер қолдаймыз.

Шындығында сүйікті Отанымыз үшін 2011 жыл ерекше жыл болып отыр. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы, Қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты болсын. [Жалғасын оқу...]

Ырыс алды ынтымақ

Шардара қаласы Абай мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен шілде айының  25 жұлдызында «Ырыс алды ынтымақ» атты тақырыпта қоғамдық форум өтті.  Оған аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, аудандық Нұр Отан ХДП төрағасы:  Тоқсанбай Бердібеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ағманов Тәңірберген,  ҚМДБ – ның ОҚО бойынша  өкіл имам орынбасары Ербосын  қажы Орын, аудан имамы Асылхан Данияров қатысты. Форумды аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы жүргізіп отырды. Сөз алған  аудандық ішкі саясат бөлім бастығы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы қазіргі таңда белең көрсетуші «Кері тартпа діни ағымдардың алдын [Жалғасын оқу...]

Сырдария ауылы Салықбай ата мешіті

Шардара ауданы Көксу ауыл округіне қарасты Сырдария ауылы Салықбай ата мешіті
Мешіт сипаттамасы

Шардара ауданы Көксу ауыл округіне қарасты Сырдария елді мекенінде, К. Ендібаев көшесінің бойында Алланың  жердегі  үйі орналасқан.  Мешіттің құрылысы 2009 жылы басталып, 2011 жылы аяқталған. Мешіттің салынуына мұрындық болған осы аталған ауылдың тумасы аудандық мәслихат депутаты Куметов Болатбек Салықбайұлының  демеушілігімен салынынған. Мешіттің орналасқан жері ауыл орталығы халықтың көп шоғырланған жеріне салынған. [Жалғасын оқу...]

«Шардара орталық» мешіті

«Шардара орталық» мешіті. Шардара ауданы, Шардара қаласы, 2-ші мөлтек ауданындағы Ұзын-ата даңғылының бойына орналасқан. Шардара орталық мешіті 1991 жылы Жұмаділлаев Қалдыбай қария мен мешітке алғаш имам болған Ниязбеков Байбек қажының бастауымен көтерілген. 1993 жылы «43 Монтаж Спецстрой» мекемесінің бастығы Серманизов Құттыбай есімді азамат халыққа мешіт кілтін тапсырды. Ал мешіт жобасын сәулетші Бердешов Амангелді жасаған. Жалпы, мешіт құрылысына жұмсалған қаражат жергілікті халықтан жинап, салынған.

Аллаһ үйіне 7 баспалдақ арқылы көтеріледі. Мешіттің жалпы көлемі 16 х 28 метр. Ғибадат үйіне жерден фундамет блогы қойылып, Өзбекстан мемлекетінің Янгиюл облысынан алынған піскен қышпен қаланып шыққан. Оның үстіне темір белдеу қойылып, екі арасына ағаштар тасталып, үстіне қамыс төселіп, балшық құйылған. Оның үстіңгі беті ағашпен қайта төселіп, тот баспайтын түнікелермен қапталған. [Жалғасын оқу...]

Орманшылардағы оңды істер

Қасиетті Рамазан айының алдында Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға келіп түскен, қатарласа тізіліп тұрған техникалардың көрмесіне арнайы шақырумен келген қонақтар аудан әкімінің орынбасары Оспанов Тұрғанбек, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы Данияров Асылхан, БАҚ өкілдері мен тағы да басқа келген қонақтар қатысты. [Жалғасын оқу...]

Өнер саңлақтарының әруағына арнап ауызашар берілді

Шардара өңірі саңлақтарынан қашаннан кенде болмаған. Арыға бармай - ақ өткен ғасырдың екінші жартысында туылып, ғұмыр кешкен ауданның бүкіл Қазақстанға әйгілі азаматтары жазушы Жәлел Кетттебеков, композитор Мамыр Жалаңбасов, суырып салма ақын Камал Ендібаев, әнші жырау Зұлпыхар Исаев бастаған өнер саңлақтары қаншама. Шардара 1969 жылы өз алдына аудан атанып, шаңырақ көтергелі бері бірнеше өнер саңлақтары өмірге келіп, қаншасы бақилық болып кетті. Содан бері ел еркесі болған өнерпаздардың отызға жуығы өмірден озды. Бақилық болды. Солардың дарыннан үлгі алып, алғашқы өнер табалдырығын аттаған өнер қуған жастардың алды жігіт ағасы жасқа жетіп, ел арасына кеңінен танымал болды. [Жалғасын оқу...]

Үндеуге қолдау артып келеді

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, төрағасы Бас, мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің жалпы халыққа үндеуіне қолдау көрсеткен 1 топ Шардаралық кәсіпкерлер де Шардара ауданы бойынша қажылар қауымдастығының төрағасы, жеке кәсіпкер Дәулет қажы Өзденбаев, «Хамит» СТК - нің төрағасы, балық өңдеу зауытының бастығы Бақытжан қажы Сермаңызов, «Әлихан» сауда орнының меңгерушісі, кәсіпкер Қайрат Кәрібаев, «Ибаділліа ата» сауда орнының меңгерушісі, кәсіпкер Сәбит Таңқыбаев сынды мырзалар үндеуді қуана қабыл алып, халық күнделікті тұтынатын азық - түлік тауарларын Алла разылығы үшін 10 пайыз арзан бағамен сатуда. [Жалғасын оқу...]

«Рамазан айында берілген садақа»

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешіт ұжымының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының 18 жұлдызында өткен «Қайырымдылық акцияға» «Шардара несие» ЖШС төрағасы Исаев Ораз, бас маманы Ибрагимов Бақытжан, «Әлихан» сауда орнының меңгерушісі Кәрібаев Қайрат, сауда дүкен меңгерушісі Тұрғынбаев Мейірбек және басқа азаматтардың демеушілігімен қала әкімшілігінің есебінде тұрған аз қамтамасыз етілген 15 отбасыға, 1 - ші сорт 15 қап ұн, 5 литрлік 15 дана алтын майы, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Әшірбаев Оңалбек ақсақалға 10 қап ұн, 9 дана алтын майы беріліп, бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу құралдары жабдықталған сөмке 16 оқушыға №1 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектептің мұғәлимасы Әсия апайға тапсырылды. Қайырымдылық азық - түлігін алған жандар мен сөмкелі болған бүлдіршіндер осындай игі іс - шараны ұйымдастырушы ел ағаларына риза болып тарасты. Аталмыш іс - шараға жергілікті БАҚ «Өскен - өңір» газетінің редактор орынбасары Лаханов Сәбит, фототілші Оңласын Төлегенов, бейне камера түсіруші Пасенов Мейрамбек, «Шартарап - Шарайна» газетінің редакторы Қары Нұрмахан, қала әкімнің кеңесшісі Беркімбаева Сәуле қатысты. [Жалғасын оқу...]

Аудан әкімі ауызашар берді

Қасиетті Рамазан айының 18 жұлдызында аудан әкімі Мараим Марғұлан Зұлқарнайұлының басшылығымен кешкілік ауыз ашарға жайған дастархан мәзірі «Тұран» мейрамханасында аудан қажылыры, ауыл ақсақалдары, ауыл билері, аудан көлеміндегі имам молдалар, мекеме басшыларының қатысуымен өтті. Бүгінгі кешті жүргізуші Ілесов Кыстау Інайұлы қасиетті Құран Кәріммен ашу үшін аудан имамы Асылхан Данияровқа ұсынды. Құттықтау сөзін алған аудан әкімі Мараим Марғұлан Зұлқарнайұлы ауыз ашарға қатысушы барша жамағатты қасиетті Рамазан айының мерекесімен құттықтап, Рамазан айы тек қана ораза ғана ұстап қою емес жетім жесірге қол жәрдем беріп, қайырымдылық көрсететін ай. [Жалғасын оқу...]

«Діни ағымдардың алдын алу»

Шардара қаласы А. Иманов, Қ Аманжолов, №1 М. Әуезов  жалпы орта мектептерінде, №15 Өрт сөндіру бөлімінде қазан айының 19 - 28 жұлдыз аралығында  «Хизбут Тахрир,  Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы [Жалғасын оқу...]

Шардарада Құрбан айт кезінде өткен іс - шара

Серманизов и К ЖШС  директоры Шардара ауданы бойынша Қажылар қауымдастығының төраға орынбасары,  Серманизов Бақытжан қажы Қыпшақбайұлының  ұйымдастыруымен қараша айының 6-7-8 жұлдызы аралығында  Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне Шардара қаласы «Шардара» жалпы орта мектебінің спорт залында Дзюдо  күресінен 1995 - 1996 ж. т. жасөспірімдер арасында Рысбай Төлеевті еске алуға арналған Халықаралық турнир өтті.  Спорт кілемінде бақ сынап белдесуге арнайы алыстан ат терлетіп Атырау, Алматы облыстарынан 2 команда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық аудандардан 14 команданы құрап,  160 бала  қатысты. [Жалғасын оқу...]

Жаушықұм ауылы «Жаушықұм» жалпы орта мектебінде өткен іс-шара

Қазан  айында Шардара ауданы Жаушықұм ауылы «Жаушықұм» жалпы орта мектебінің актив залында  ҚМДБ - ның ОҚО бойынша өкіл имам 1 орынбасары Ербосын қажы Орын, Арыс ауданының бас имамы Абдукамал Абдулкарим бастап келген ауыл имам молдалары, Шардара ауданы бойынша ауыл имам молдалары    ауыл әкімі, мектеп директоры, мектептің жоғарғы сынып  оқушыларының қатысуымен «Діни экстремизмнің алдын алу» атты тақырыпта семинар  өтті. Семинарды мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдыров Нұрлыбек жүргізіп отырды.  Сөз алған өкіл иманың 1 орынбасары Орын Ербосын қажы Алла тағала баршаңыздан разы болсын. [Жалғасын оқу...]

Ақиқа құрбаны (Қалжа) жайлы не білеміз?

Жаңа туылған баланың басындағы үрпекті «ақиқа» деп атайды. Ұлы Аллаһқа бала бергені үшін шүкір ретінде сойылған құрбанды «Ақиқа» дейді. Бұл құрбан «нәсикә» деп те аталады.

Ақиқа құрбаны ханафи мазһабінде немесе мәндуб қалған үш мазһабте сүннет болып  табылады.

Хазреті Пайғамбар (с.а.с) Хаззреті Хасан мен Хусейин үшін бір -  бірден қошқарды ақиқа құрбаны етіп сойып, былай деген еді.

«Еркек балаға бір ақиқа бар, сол үшін оған арнап қан ағызыңдар және баланың шашын алыңдар»!

Ақиқа құрбанын бала туылған күннен бастап, балиғат жасына жеткенше союға болады. Бірақ туылғаннан кейін жетінші күні сойғаны абзал. Жетінші күні балаға ат қойып, шаштары алынады да, соның салмағындай алтынды немесе күмісті садақа етіп береді. [Жалғасын оқу...]

Діни ағымдардың алдын алу

Қантар айының 16 жұлдызында «Шардара» жалпы орта мектебінде «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта өткен кездесуге мектеп директоры Нұрымбетов Жалғас,  аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алипбеков Арапбек, аудан имамы Данияров Асылхан және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. [Жалғасын оқу...]

«Шығармашылық бәйге»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, ОҚО бойынша өкілдігі және «Ордабасы-НЖ» туристік компаниясы Мәуліт айы қарсаңында студенттер мен оқушылар арасында «Шығармашылық бәйге» ұйымдастырады.  Ақпан айының соңында Қаттани мешіті С.Сейфуллин атындағы «Халықтар достығы» үйінде ұйымдастырып отырған Мәуліт мерекесінде жеңімпаздар анықталып сыйлықтар беріледі. [Жалғасын оқу...]

Көшпелі ауыл аралық семинар

Қаңтар айының 25 - ші жұлдызында Ақ - алтын ауылы «Ақ - алтын» жалпы орта мектебінде «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта семинар өтті. Семинарға ауыл әкімшілігінің бас маманы Ізбасаров Данияр, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алибеков Арапбек, аудан имамы Асылхан Данияров, Ақ - алтын ауыл мешітінің молдасы Тамғабаев  қатысты. [Жалғасын оқу...]

«Қыздар тәрбиесі» атты тақырапта кездесу өтті

Ақпан айының  28 - ші  жұлдызында  «Қоссейіт» жалпы орта мектебінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі  комиссияның  ұйымдастыруымен  «Қыздар тәрбиесі» атты тақырапта  кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімшілігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі хатшысы Қалшабекова Орынша, аудан имамы Данияров Асылхан,  топ мүшесі зейнеткер педагог Зүлей Әлия, топ мүшесі көп балалы ана Мүталиева Жарылқасын Ізбайқызы, аудандық ішкі істер бөлімінің әйел затын зорлық - зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Жұмаділлаеева  Роза Мәлікайдарқызы,  [Жалғасын оқу...]

Қыз өссе елдің көркі

«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын - әйел адам. Ислам дәуірі келгенге дейін арабтарда ананың құрсағына шарана бітсе, ол қашан дүниеге келгенше уайым болатын болған,  дүниеге келетін ұл ма әлде қыз ба? көкейдегі сұрақ болған. Себебі қыз дүниеге келсе, ол біздің тегімізге ұят әкеледі деп оларды тірідей көметін болған. Ал Исламның келуімен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде айтады: «Жаннат аналардың аяғының астында», - дейді. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі - соңында келіп әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ. «Қызым үйде - қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс - тұрысы мен киім - киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ кейбір ата - ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке - шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. [Жалғасын оқу...]

Шардара ауданы, Алатау Батыр ауыл округі «Алатау Батыр» ауыл мешіті

Мешіт сипаттамасы [Жалғасын оқу...]

Шардара ауданы, Ұзын ата ауыл мешіті

 Мешіт сипаттамасы [Жалғасын оқу...]

«Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кешіне шақырамыз.

 «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кешіне шақырамыз.  Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы «Шардара» орталық,  мешітінің ұйымдастыруымен 16 ақпан күні, сағат 12.00 - де Шардара қаласында орналасқан «Абай» мәдениет сарайында Адамзаттың асыл тұлғасы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) - ның  туылған күніне орай «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кешін ұйымдастырады.

Кешке кіру тегін.

«Мәуліт жайлы не білеміз?» «Діни ағымдардың алдын алу» атты семинарлар өтті

 

               Ақпан айының 07 - ші жұлдызында Шардара қаласы Төменгі тоғай ауылы Қасым  Аманжолов жалпы орта мектебінде «Мәуліт жайлы не білеміз?», «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен  кездесу өтті.  [Жалғасын оқу...]