Қасиетті Рамазан айының 18 жұлдызында аудан әкімі Мараим Марғұлан Зұлқарнайұлының басшылығымен кешкілік ауыз ашарға жайған дастархан мәзірі «Тұран» мейрамханасында аудан қажылыры, ауыл ақсақалдары, ауыл билері, аудан көлеміндегі имам молдалар, мекеме басшыларының қатысуымен өтті. Бүгінгі кешті жүргізуші Ілесов Кыстау Інайұлы қасиетті Құран Кәріммен ашу үшін аудан имамы Асылхан Данияровқа ұсынды. Құттықтау сөзін алған аудан әкімі Мараим Марғұлан Зұлқарнайұлы ауыз ашарға қатысушы барша жамағатты қасиетті Рамазан айының мерекесімен құттықтап, Рамазан айы тек қана ораза ғана ұстап қою емес жетім жесірге қол жәрдем беріп, қайырымдылық көрсететін ай.

Ораза ұстаған кісіні қайратты, әрі табанды қанағатты, болған күйіне риза болу, салмақты және сабырлы болу сияқты көркем мінезге жеткізудің қасында мақұрым болу және аштықпен қолдағы игіліктердің қадірін еске түсіреді де жоқшылдардың ахуалдары туралы ойландырып оларға деген мейірім және ілтипат көз қарасымен жүректерімізді сезімтал күйге жеткізеді. Ел Басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы да сарабдал саясатының арқасында еліміз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Астана қаласында өткен Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Саммит, 2012 жылы Ислам Конференциясына төрағалық етуі бұның бәрі біз үшін мақтаныш. Өздеріңіз көріп куә болып жүрген қазіргі таңда имандылыққа бет бұрушы жастардың да саны күн санап артып келеді. Бұл жолда да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің де еңбегі мол екендігін атап айтуымыз керек.

Күні кеше қасиетті Рамазан айының қарсаңында жалпы халыққа жолдаған үндеуінде, қасиетті Рамазан айының құрметіне көпшілік тұтынатын азық - түлік және басқа да заттардың бағасын 10 пайызға арзан сатуға шақырды. Алла тағаланың жердегі үйі мешіттерде қызмет етіп жатқан имам молдаларымыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған жолы имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) мазхабын насихаттап келеді. Ата - бабамыз ұстанған қасиетті дініміз Исламды кеңінен насихаттап, қазіргі таңда белең көрсетуші діни ағымдарға жол бермей тосқауыл қою керек. Қасиетті Рамазан айында барша мұсылман қауымының тұтқан оразасы, 5 уақыт намаздарыңызбен жан амандығына берілетін пітір садақаларыңызды Алла тағала қабыл еткен болсын. Жиын барысында белгілі асаба Аманғали Ниязов бастаған аудандық мәдениет бөлімінің бір топ өнерпаз майталмандары жарапазан айтып көпшіліктің көңілін сергітіп, Диханбай ақсақалдың батасын алды.

Діни өлеңдер айтуымен облыс көлемінде Мәуліт мерекесінде діни өлеңдер айтып танымал болып қалған жастарымыз Ақтөре Керімбек, Лесбек Базарқұлов, Ақерке Тағайбекова сынды балаларымыздың орындауында «Нұраллаһ» «ЗікірАлла» және әр түрлі бойды баурап алатын ғибраты мол терме әндері орындалды. Жиын соңында аудан имамы Асылхан Данияров қасиетті Құран Кәрімнен сүре оқып, сауабын дүниеден өткен барша мұсылман қауымына және бүгінгі дастархан иелерінің отбасынан үміт еткен әруақтарына сауабын бағыштады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров