Қасиетті Рамазан айының алдында Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға келіп түскен, қатарласа тізіліп тұрған техникалардың көрмесіне арнайы шақырумен келген қонақтар аудан әкімінің орынбасары Оспанов Тұрғанбек, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы Данияров Асылхан, БАҚ өкілдері мен тағы да басқа келген қонақтар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Оспанов Тұрғанбек Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлына және оның ұжымына қуанышты лебізін, ризалық көңілін білдіріп, мекеменің орман қорымындағы ауданымыздың табиғат аясындағы орман тоғай немесе орман қоры жеріне шекаралас дала өрттерін болдырмауға, мекеменің алдағы жұмыстарына табыстар тілеп, орманшылардың қуанышына ортақтасты. Аталмыш іс - шараға арнайы шақырумен келген қонақтар жаңа техникалар бекітілген жүргізушілерге, механизаторларға көліктердің кіліттерін тапсыру мәртебесіне ие болып, барлық мекеме қызметкерлерінің қатысуында ресми түрде табыстады. Дастархан басында аудан имамы Асылхан Данияров санаулы күнде таяп қалған қасиетті Рамазан айымен құттықтап 2011 жылдың 12 шілде күнгі Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіндегі

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ, ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ

министрліктер мен салалар жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына, кәсіпкерлер мен ел халқына қасиетті Рамазан айына қатысты «ЖАРЫЛҚАУШЫ АЙДА ЖҰРТҚА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙЫҚ» үндеуін тілге тиек етіп барша жиналған азаматтарды үндеуді қолдауға шақырып, қасиетті Рамазан айының сауабы жөнінде уағыз - насихат айтты. Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы бүгінгі іс - шараға арнайы келген қонақтарға алғысын білдіріп, жаңа көлікке ие болған азаматтарға табыс тілеп, ауданымыздың табиғат аясындағы орман тоғай және жануарлар дүниесін қорғау барысында қызметтеріне жетістік тіледі.

«Шардара» аудандық орталық мешіттің бас имамы А. Данияров