Серманизов и К ЖШС  директоры Шардара ауданы бойынша Қажылар қауымдастығының төраға орынбасары,  Серманизов Бақытжан қажы Қыпшақбайұлының  ұйымдастыруымен қараша айының 6-7-8 жұлдызы аралығында  Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне Шардара қаласы «Шардара» жалпы орта мектебінің спорт залында Дзюдо  күресінен 1995 - 1996 ж. т. жасөспірімдер арасында Рысбай Төлеевті еске алуға арналған Халықаралық турнир өтті.  Спорт кілемінде бақ сынап белдесуге арнайы алыстан ат терлетіп Атырау, Алматы облыстарынан 2 команда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық аудандардан 14 команданы құрап,  160 бала  қатысты.

«Жастар» сарайында 200 адамға арнап жайылған дастархан басында бүгінгі іс - шараға келген қонақтарға аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Қыстау Ілесов сөз беріп, жүргізіп отырды. Құттықтау сөзді алған Облыстық жұмылдыру дайындығы азаматтық қорғаныс авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Төлебаев Кенже бүгінгі іс - шараны ұйымдастырушы Серманизов Бақытжанға  спорт сүйер қауым атынан алғысын білдіріп жас спортшыларға жасыстан үлкен жүлдемен оралуға табыс тіледі.

Дастархан басында аудан имамы Асылхан Данияров көпшілікке қасиетті Құрбан айт мерекесінің фазилеті жайында уағыз насихат айтып, соңынан дүниеден өткен барша әруақтарға, Рысбай Төлеевтің  рухына қасиетті Құран Кәрім  оқып  сауабын  бағыштады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы  А. Данияров