Шардара қаласы А. Иманов, Қ Аманжолов, №1 М. Әуезов  жалпы орта мектептерінде, №15 Өрт сөндіру бөлімінде қазан айының 19 - 28 жұлдыз аралығында  «Хизбут Тахрир,  Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынбек Ізтілеу,  дін істер агенттігінің бас маманы Әліпбеков Арапбек, қала әкімінің орынбасары Сүйет Бөгенбай,  қала әкімшілігінің  бас маманы Қойайдаров Дәулет, аудан имамы Данияров Асылхан, ішкі істер бөлімінің полиция майоры Мырзахметов Сапарғали  қатысты. Кездесу барысында аудан имамы Данияров Асылхан жастарға  ҚМДБ  - ның пәтуалары бойынша саяси радикалды ұйым Хизбут Тахрир, Уаһабилік Сәләфилік, Зікіршілер, Дағуатшылар, Такфиршілер, Ахмадия, Қадяни ағымдарының негізгі көздеген мақсаттарын айта келіп, жастарды олардың жетегіне кетіп қалмауға  шақырды.  Жастардың арасынан қойылған сұрақтарға мамандар өз тараптарынан жауап беріп отырды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров