ҚМДБ, Шардара мешіті

ОҚО Шардара аудандық орталық мешіті

Орманшылардағы оңды істер

Қасиетті Рамазан айының алдында Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға келіп түскен, қатарласа тізіліп тұрған техникалардың көрмесіне арнайы шақырумен келген қонақтар аудан әкімінің орынбасары Оспанов Тұрғанбек, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы Данияров Асылхан, БАҚ өкілдері мен тағы да басқа келген қонақтар қатысты. [Жалғасын оқу...]

«Шардара орталық» мешіті

«Шардара орталық» мешіті. Шардара ауданы, Шардара қаласы, 2-ші мөлтек ауданындағы Ұзын-ата даңғылының бойына орналасқан. Шардара орталық мешіті 1991 жылы Жұмаділлаев Қалдыбай қария мен мешітке алғаш имам болған Ниязбеков Байбек қажының бастауымен көтерілген. 1993 жылы «43 Монтаж Спецстрой» мекемесінің бастығы Серманизов Құттыбай есімді азамат халыққа мешіт кілтін тапсырды. Ал мешіт жобасын сәулетші Бердешов Амангелді жасаған. Жалпы, мешіт құрылысына жұмсалған қаражат жергілікті халықтан жинап, салынған.

Аллаһ үйіне 7 баспалдақ арқылы көтеріледі. Мешіттің жалпы көлемі 16 х 28 метр. Ғибадат үйіне жерден фундамет блогы қойылып, Өзбекстан мемлекетінің Янгиюл облысынан алынған піскен қышпен қаланып шыққан. Оның үстіне темір белдеу қойылып, екі арасына ағаштар тасталып, үстіне қамыс төселіп, балшық құйылған. Оның үстіңгі беті ағашпен қайта төселіп, тот баспайтын түнікелермен қапталған. [Жалғасын оқу...]

Сырдария ауылы Салықбай ата мешіті

Шардара ауданы Көксу ауыл округіне қарасты Сырдария ауылы Салықбай ата мешіті
Мешіт сипаттамасы

Шардара ауданы Көксу ауыл округіне қарасты Сырдария елді мекенінде, К. Ендібаев көшесінің бойында Алланың  жердегі  үйі орналасқан.  Мешіттің құрылысы 2009 жылы басталып, 2011 жылы аяқталған. Мешіттің салынуына мұрындық болған осы аталған ауылдың тумасы аудандық мәслихат депутаты Куметов Болатбек Салықбайұлының  демеушілігімен салынынған. Мешіттің орналасқан жері ауыл орталығы халықтың көп шоғырланған жеріне салынған. [Жалғасын оқу...]

Ырыс алды ынтымақ

Шардара қаласы Абай мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен шілде айының  25 жұлдызында «Ырыс алды ынтымақ» атты тақырыпта қоғамдық форум өтті.  Оған аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, аудандық Нұр Отан ХДП төрағасы:  Тоқсанбай Бердібеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ағманов Тәңірберген,  ҚМДБ – ның ОҚО бойынша  өкіл имам орынбасары Ербосын  қажы Орын, аудан имамы Асылхан Данияров қатысты. Форумды аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы жүргізіп отырды. Сөз алған  аудандық ішкі саясат бөлім бастығы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы қазіргі таңда белең көрсетуші «Кері тартпа діни ағымдардың алдын [Жалғасын оқу...]

БАС МҮФТИДІҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІН ҚОЛДАУ! (Шардара ауданы)

БАС МҮФТИДІҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІН ҚОЛДАУ
2011 жылдың 12 шілде күнгі Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіндегі

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ, ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ

министрліктер мен салалар жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына,кәсіпкерлер мен ел халқына қасиетті Рамазан айына қатысты «ЖАРЫЛҚАУШЫ АЙДА ЖҰРТҚА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙЫҚ» үндеуін бір топ Шардаралық бір топ кәсіпкерлер қолдаймыз.

Шындығында сүйікті Отанымыз үшін 2011 жыл ерекше жыл болып отыр. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы, Қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты болсын. [Жалғасын оқу...]

«Ілімнің әсері мәңгілік қалады »

Абу Хурайра (р.а) риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) айтты: «Кім бір жақсылыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің алған сауабынша сауап болады мұнымен қоса олардың сауаптары кемеймейді. Кім бір жамандыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің күнәсындай күнә алады. Мұнымен қоса олардың күнәларынан еш нарсені кемейтпейді». [Жалғасын оқу...]

Дін ынтымақ-бірлік тірегі

Шілде айының 11 ші жұлдызында Шардара аудандық орталық мешітінде «Дін ынтымақ-бірлік тірегі» атты семинар өтті. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы және ауыл имам молдалары қатысты. Семинарды бастаудан алдын Қазақстан ауыл мешіті «Сары Амангелді» мешітінің молдасы Қуатбеков Жомарт қасиетті Құран Кәріммен ашып, сөз кезегін алған аудан имамы Асылхан Данияров күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Күллі мұсылман қауымы сағынышпен күткен қасиетті Рамазан айына дайындық, демеуші тарапынан ауыз ашар беруді ұйымдастыру, қасиетті жұма күні сағат 11 00-ден бастап Құран Кәрім дисклерін қою. Діни басқарманың төл басылымдары «Ислам және өркениет» газетімен, «Иман» журналына жаздыруды межесінен артық орындау керектігін атап өтті. Қазіргі таңда Исламға бет бұрушы жастар арасында белең көрсетуші «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу». Егеменді ел болғалы бері дінге бет бұрушылық күннен-күнге көбейіп келеді. Десе де көптеген жастарымыз істеген іс әрекеттеріне өздері түсінбей түсініксіз секталардың дін атын жамылған ұйымдардың жетегінде кетуде. Еліміздің идеологиясына зиянын тигізумен қатар, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпттарымызға балта шабуда. Ал бұл құбылыстың басты себебі діни сауатсыздық. [Жалғасын оқу...]

«Алланың мешітін гүлдендіруге үлес қосқандарға шексіз сауап болады»

Алла тағала Құран Кәрімде былай деген. «Алланың бірлігіне және қиямет күніне сеніп Алланың мешітін гүлдендіруге үлес қосқандарға шексіз сауап болады»

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы нығайып халқының әл - ауқаты жағдайы жақсарып келеді. Дегенмен әлі де жетіспеушіліктер бар. Бүгінгі таңда рухани орталығымыз Алла тағаланың жердегі ғибадат үйлері, мешіттер құдай сүйген жандардың демеушілігіне мұқтаж болып отыр. [Жалғасын оқу...]

«Шардара» орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеші өтті

 

 

Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын!

Наурыз айында «Шардара» орталық мешіттің ұйымдастыруымен аудандық «Абай» мәдениет үйінде, Сүткент ауылы Төлеген Тәжібаев жалпы орта мектебінің үлкен залында «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты Тоқсанбай Бердібеков, мекеме басшылары, мектеп директорлары, жоғарғы сынып оқушылары және қала тұрғындары, ауыл имамдарының қатысуымен өтті. Мерекелік кешті Шардара ауыл мешітінің бас имамы Абдраманов Смат жүргізіп отырды. Алғашқы сөз Аллаһ тағаланың кәламы Қасиетті құран кәрімді оқуға Қазақстан ауыл имамы Қуатбеков Жомартқа берілді. Кеш барысында аудандық орталық мешіттің бас имамы А. Данияров мерекелік кешке жиналған қауымға адамзат тарихында ең ұлы - сүйікті Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келген мәуліт күні жөнінде қысқаша тоқталып өтті. [Жалғасын оқу...]