Алла тағала Құран Кәрімде былай деген. «Алланың бірлігіне және қиямет күніне сеніп Алланың мешітін гүлдендіруге үлес қосқандарға шексіз сауап болады»

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы нығайып халқының әл - ауқаты жағдайы жақсарып келеді. Дегенмен әлі де жетіспеушіліктер бар. Бүгінгі таңда рухани орталығымыз Алла тағаланың жердегі ғибадат үйлері, мешіттер құдай сүйген жандардың демеушілігіне мұқтаж болып отыр.

ҚМДБ - ның төрағасы, Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің тапсырмасына орай, осы ауылдың тумасы Исахов Мақсұт Пернебайұлы өз демеушілігімен 1060000 теңгені сарп етіп Алла тағала разылығы үшін еден астынан жылу жүйесін жүргізіп берді.

«Кімде – кім Алла тағала жолына бір теңге садақа берсе, Алла тағала он есе арттырып қайтарады», - деген.

Қазіргі таңда Қазақстан ауылына газ құбыры жүргізілу барысында ауыл имамы Қуатбеков Жомарт және ауыл қарияларының өтінішімен мешіт алдына газ құбыры тартылып құдай қаласа жақын күнде мешіт іші газбен жылыйтын күнде жакын.

«Егер, сендер Алла тағалаға жәрдем берсеңдер, ол сендерге жәрдем береді және қадамдарыңды тұрақты мығым етеді». (47сүре, 7 аят)

Аллаһ тағала ризалығы үшін жасаған амалдарыңыз, берген садақаларыңыз, тжасаған дұғаларыңыз қабыл болсынжәне де Сіздердің барлық игі істеріңізге бір Алла жар болсын. Әмин!