Абу Хурайра (р.а) риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) айтты: «Кім бір жақсылыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің алған сауабынша сауап болады мұнымен қоса олардың сауаптары кемеймейді. Кім бір жамандыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің күнәсындай күнә алады. Мұнымен қоса олардың күнәларынан еш нарсені кемейтпейді». Исламда ең бір сауап жеткізіп тұрушы амал ілім болып есептеледі. Ілім жолында істелген амал еш уақытта зая болмайды. Бәлкім одан өз иесіне оның өлімінен кейін де сауабы жетіп тұрады. Ілімді адам бір тура сауабы бар амалға шақырса, сол арқылы қанша адамдар сауапты амалды атқарса, олардың бәріне берілген сауаптай сауап оған да беріледі. Бір надан адам адамдарды адасуға апаратын жолға шақырса, олар надан адамның шақыруымен адасып тозаққа кетулері, күнә істеулері мүмкін. Міне сонда адасуға шақырушыға адамдарды адасуға шақырғаны үшін алатын күнәсінің үстіне оның шақыруы арқылы дозаққа кеткендердің амалына берілетін күнәлардың барлығы жүктеледі. Сонымен қатар жаман амал істеушілердің күнәсі кемейіп қалмайды. Демек, Әрбір мұсылман ілімге өзі ие болып, адамдарды туралыққа шақырушы болуы үшін үйренуі керек.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде: «Қашан адам баласы дүниеден өтсе, оның амалы тоқтайды. Үш нәрсенің сауабы тоқтамайды: Жария істелген садақа, пайда беретін ілім және өзінің хақынан дүға істейтін тақуа перзент», - деді. Мұсылман кісі жақсы ниетпен істеген әрбір жақсы амалы үшін сауап алуға ие болады. Жақсылық және жамандықты жазушы періштелер оның «Амал дәптеріне» тозаң салмағындай жақсылығы болса да, соған жараса сауап жазып тұрады. Егер науқастанып қалса, үзірімен сол жақсылық амалын істей алмай қалса да періштелер оның сол амалды істегеніңдей сауап жазады. Уақыт келе дүниеден өтіп кетсе жақсы амалын істей алмай қалады. Бұдан кейін дүниедегі амалдары істейтін құлшылығы және жақсылықтарын жазылатын сауаптары да тоқтайды». Намаз оқығанда, ораза тұтқанда, зікір еткенде және басқа жақсы амалдарынан жазылатын сауаптары тоқтайды. Сол үшін әрбір пенде Алланың берген нығметінің қадірін біліп солих амалды көбірек істеуге тырысу керек. Адам баласы кеудесінде жаны бар кезінде ақиретті ойлап, өлгеннен кейін де сауабы үзілмей жетіп тұратын амалдарды істеу мүмкіндігі берілген. Пайғамбарымыз (с.а.с) осы хадисінде адам баласы өлгеннен кейін амалы тоқтайтынымен бірге одан кейін де сауабы жетіп тұратын амалдар үшеу екендігін айтуда.

  1. «Жария садақа»

«Жария садақа», айтылғанда мұсылмандарға әрдайым пайда беріп тұратын қайырлы іс көрсетіледі. Мысал үшін көпшілік пайдалануы үшін құрылған көпір, салынған жол, дін ілімі, тақуа перзент, құдық немесе арық қазып су келтіру. Барлық осы нәрселерден момын-мұсылмандар пайда алып тұрса осы аталған нәрселерді істеген адамға оның өлімінен кейін де сауабы жазылып тұра береді. Қайырлы амалдарды істеген адамдардың «Амал дәптеріне олардың өлімінен кейін де сауап жазылып, ақиретіне пайда беріп тұрады». Егер жария садақа қияметке дейін мұсылмандарға пайда беріп тұрса, оларға да қияметке дейін сауап қосылып тұра береді.

2. «Пайдаланатын ілім».

Момын адам өз өлімінен кейін артынан пайда беретін ілім қалдырса, сауабы тоқтамайтын амал қалдырған болады. Бұл іс әуелі, басқаларға ілім үйрету арқылы жүзеге асады. Әрине шәкірттер, шәкірттердің шәкірттері осы ілімді амал етуі. Екіншісі: кітап жазып қалдыру арқылы болады. Құран, хадис және діни ілімдер бойынша мұсылмандарға пайда келтіретін басқа ілімдер бойынша және ықылас пен кітап жазып қалдырған адамға, егер кітаптан мұсылмандар ілім алып пайдаланса. Ол өлгеннен кейін де оның сауабы үнемі жетіп тұрады. Үшіншісі: ілім жолында қызмет ету арқылы болады. Мысал үшін, мүмкіндігі бар адам ілім алушыларға, ұстаздарға, ілім жолында жәрдем беріп, медресе құрды, кітап жазды, өз есебінен кітапхана салдырды. Міне осыған ұқсас амалдар ілім жолында қызмет еткен болып табылады. Бұларды істеген адам дүниеден өтіп кетсе де артынан сауабы барып тұрады.

3. «Артынан дұға ететін тақуа перзент»

Момын адам дүниеден өткеннен кейін, егер перзенті оның хақына дұға қылса, сауабы жетіп тұрады. Ол үшін момын-мұсылман кісі өз перзентін дұға ететін тақуа мұсылман етіп тәрбиелеуі қажет. Әрбір ата-ана мен өлгеннен кейін мені дұғамен жоқтасын, артымнан жақсы амал істеп, дұға етсін деп исламдық тәрбие береді. Ислам дінінің балаға тәрбие беруіндегі сыры да осы да.

Осы хадистен алынатын пайдалар:

  1. Адам баласы дүниеден өткен соң үш амалынан басқасы тоқтайды.
  2. Жария садақа қылған адамның сауабы өлімінен кейін де тоқтамайды.
  3. Пайдасы бар ілім қалдырған кісінің сауабы өлімінен кейін де тоқтамай жетіп тұрады.
  4. Артында тақуа перзент қалдырған адамның сауабы да тоқтамайды.

Пайғамбарымыз (с.а.с) «Момын кісіге оның өлімінен кейін де жетіп тұратын амалы және көркем істерінен және тарқатқан ілімі, артында қалатын солих перзенті, аманат қалдырған Құран, тұрғызған мешіті, жағдайы төмен мүсәфірлерге тұрғызған үйі, қазған құдығы және өз малынан істеген жария садақасы. Дене мүшесі сау және тірі кезінде осы нәрселерді істесе, олардың сауабы өлімінен кейін де жетіп тұра береді», - деді.

1. «Үйреткен және тарқатқан ілім»

«Үйреткен ілім» дегенде дәріс арқылы тәлім беретін ілім туралы айтылуда. Демек, момын кісі басқаларға ілім үйреткен болса, өлгеннен кейін осы ілімнен алынатын сауаптар оған жетіп тұрады.

«Тарқатқан ілім» деген белгілі. Ілім тарқатудың жолы көп.

Кітап жазу, ілім иелеріне жәрдем беру Осындай амалдарды істеген момынға оның өлімінен кейін де сауабы жетіп тұра береді.

2. «Мирас қалдырған Құран».

Көзі тірісінде өзі оқып жүрген Құранды біреуге мирас етіп қалдырса, осы Құран үнемі оқылып тұрса одан бірінші иесіне сауап жетіп тұрады. Егер де Құран аманат етіп қалдырылмаса, мұндай сауапқа ие бола алмайды.

3. «Мешіт салудың сауаптылығы»

Осман ибн Аффаннан (р.а) риуаят еткен хадис шарифте: Пайғамбарымыздың (с.а.с) «Кім Алланың дидарын қалап оның жердегі үйін тұрғызса, Алла тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады», - дегенін естідім деген екен.

4. «Өз малынан берген жария садақа»

Әбу Кабаша Амр ибн Сағд әл-Әнмари (р.а): «Аллаһ елшісінің (с.а.с) «Алдымен үш нәрсеге қатысты ант етемін. Содан кейін сендерге айтар сөзім бар, соны естеріңде сақтаңдар! Садақа бергеннен пенденің дүниесі кемейіп қалмаған. Аллаһ тағала қандай қиянатқа ұшыраса да, сабырлылық танытқан құлының абыройын асқақтатады. Сондай-ақ, Аллаһ тағала қайыр тілеуді әдетке айналдырған құлын дүниеге жарытпайды. Мынаны көкейлеріңе түйіп алғайсыңдар! Дүниеде төрт түрлі адам бар. Біріншісі: Аллаһ тағаланың оған байлықты да, ілімді де берген құлы. Ол осы байлықты Раббымның разылығыан жұрдай ететін жолда жұмсап қоймайын деп Раббысынан қорқады, туыстарымен қатынасын үзбей, оларға қарасып тұрады, әрі қолындағы дүниесінде оны берген Аллаһтың да ақысы бар екенін ұмытпайды. Мұндай адамның жұмақтағы дәрежесі жоғары болады. Екіншісі: Аллаһ тағаланың ілім берсе де, байлық нәсіп етпеген, ниеті таза құлы. Ол шын көңілімен: «Бай болғанымда, дүниемді пәленше сияқты ізгілік жолында жұмсар едім», - дейді. Расында, бұл оның шынайы ниеті, сондықтан екеуінің сауабы бірдей болады. Үшіншісі: Аллаһ тағаланың оған байлық беріп, ілім нәсіп етпеген құлы. Ол қолындағы дүниесін қалай болса солай жұмсайды. Дүниесін орынсыз жұмсағаны үшін Аллаһтан қорықпайды, әрі туыстарынан қол үзеді. Сондай-ақ, қолындағы дүниесінде оны берген Аллаһтың да ақысы бар екенін ескермейді. Мұндай пенденің ақыретте жағдайы тым жаман болады. Төртіншісі: Аллаһ тағаланың оған байлықты да, ілімді де нәсіп етпеген құлы. Ол: «Егер бай болсам, дүниемді пәленше сияқты оңды-солды жұмсар ем», - деп армандайды. Расында бұл оның шынайы ниеті. Сондықтан екеуінің күнәсі бірдей болады»,- деп айтқанын естідім».- деген. Сол үшін әр-бір момын бойында ден саулығы болған уақытын ғанибет біліп, осы айтылған амалдарды істеп қалуға тырысуы керек. «Саулық және тіршілік шағында осы аталған нәрселерді жүзеге асырса сауабы өлімінен кейін де жетіп тұрады»

5.«Әлжуаз, пақыр әрі қарапайым мұсылмандарға қол ұш жәрдем беру».

Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде айтады: Сабырлық танытып, жан-тәнімен Раббыларыңның разылығын қалап ертелі-кеш дұға жасайтындармен (қарапайым мүміндермен) бірге бол. (Олардан дәулеті асқан, дәрежесі артық әлдекімдерге көңілің ауып ), оларды көзге ілмей қойма» (Кәһф сүресі, 28-аят)

Ибн Омар (р.а) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.а.с) Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Аллаһ тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Аллаһ тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», - деп айтты», - делінген. Сендерге кімдердің жұмаққа баратынын айтайын ба? Өзі әлжуаз әрі елеусіз болса да, Аллаһтың атымен ант етсе ішкен антын Аллаһ тағала жалғанға шығармайтын әрбір адам жұмаққа барады. Сондай-ақ кімдердің тозаққа кіретінін айтайын ба? Әрбір озбыр, дөрекі, сараң әрі тәкаппар адам тозаққа кіреді», деп айтқаныи естідім, - деген.

6. «Қазған арығы».

Жалпы мұсылмандар пайдалануы үшін, деген ниетте өзі арық қазса немсесе балаларымен бірге қосылып қазса, әлде ақша беріп адамдарды жалдап қаздырса, Осы арықтан тиесилі болған сауаптан оның өлімінен кейін де жетіп тұрады. Демек әрбір іс-әрекеттер, амалдар тек қана жаратқан Алла тағала разылығы үшін орындалса шексіз сауапқа бөленеді. Алла тағала барша мұсылмандардың тілеген дұға тілектерін қабыл етіп, Елімізге тыныштық халқымыз амандық болсын. (Әмин)

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А.Данияров.