Шілде айының 11 ші жұлдызында Шардара аудандық орталық мешітінде «Дін ынтымақ-бірлік тірегі» атты семинар өтті. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы және ауыл имам молдалары қатысты. Семинарды бастаудан алдын Қазақстан ауыл мешіті «Сары Амангелді» мешітінің молдасы Қуатбеков Жомарт қасиетті Құран Кәріммен ашып, сөз кезегін алған аудан имамы Асылхан Данияров күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Күллі мұсылман қауымы сағынышпен күткен қасиетті Рамазан айына дайындық, демеуші тарапынан ауыз ашар беруді ұйымдастыру, қасиетті жұма күні сағат 11 00-ден бастап Құран Кәрім дисклерін қою. Діни басқарманың төл басылымдары «Ислам және өркениет» газетімен, «Иман» журналына жаздыруды межесінен артық орындау керектігін атап өтті. Қазіргі таңда Исламға бет бұрушы жастар арасында белең көрсетуші «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу». Егеменді ел болғалы бері дінге бет бұрушылық күннен-күнге көбейіп келеді. Десе де көптеген жастарымыз істеген іс әрекеттеріне өздері түсінбей түсініксіз секталардың дін атын жамылған ұйымдардың жетегінде кетуде. Еліміздің идеологиясына зиянын тигізумен қатар, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпттарымызға балта шабуда. Ал бұл құбылыстың басты себебі діни сауатсыздық.

Сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы: Құрметті имам молдалар бүгінгі бас қосуымыздың берер пайдасы мол. Соңғы жылдары елімізде үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен дәстүрлі емес діни ағымдар қатарынан «Саентология шіркеуі», Бахаизм, Қадияния (Ахмадия) , Кришна қоғамы, Сатанизм, Виссарионство шіркеуі сияқтыларды атауға болады. Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеуге тиым салынған ұйымдар «Хизбут Тахрир», «Аллаят», «Ата баба» жолы деп қара халықты адастырушы топтардың жұмыс істеуіне қатаң тиым салынған. Бұлар сияқты елімізде исламның атын жамылып, әртүрлі негізсіз әрі зиянды үгіт-насихат жүргізіп жатқан діни ағымдар да баршылық. Сіздердің ел ынтымағында атқарып жатқан істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жиын соңында Ақ алтын ауыл молдасы Тамғабаев Мұстафа ақсақал бата берді.

Шардара аудандық орталық мешітінің

бас имамы А. Данияров