Шардара қаласы Абай мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен шілде айының  25 жұлдызында «Ырыс алды ынтымақ» атты тақырыпта қоғамдық форум өтті.  Оған аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, аудандық Нұр Отан ХДП төрағасы:  Тоқсанбай Бердібеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ағманов Тәңірберген,  ҚМДБ – ның ОҚО бойынша  өкіл имам орынбасары Ербосын  қажы Орын, аудан имамы Асылхан Данияров қатысты. Форумды аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы жүргізіп отырды. Сөз алған  аудандық ішкі саясат бөлім бастығы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы қазіргі таңда белең көрсетуші «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу» мәселелері бойынша арнайы жылдық жоспар құрылып, аудан көлеміндегі барлық мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізіліп, «Діни экстремизмнің алдын алу» атты акциялар ұйымдастырылып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына олардың зияндығы турасында аудан имамы арқылы мақалалар берілуде. Шардара ауданы бойынша 13 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Соның 11 Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына филиал болып тіркелген мұсылмандық мешіттер, 1 Проваславиялық Христиан шіркеуі, ал 1 Евангельді Бабтистер шіркеуі. Соңғы жылдары елімізде үгіт – насихат жұмыстарын күшейткен дәстүрлі емес діни ағымдар қатарынан «Саентология шіркеуі», Бахаизм, Қадияния (Ахмадия), Кришна қоғамы, Сатанизм,  Виссарионство шіркеуі сияқтыларды атауға болады. Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеуге тиым салынған ұйымдар «Хизбут Тахрир», «Аллаят», «Ата баба» жолы деп қара халықты адастырушы топтардың жұмыс істеуіне қатаң тиым салынған.

Жиын барысында  ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Ербосын қажы Орын Алла тағалаға барша мақтаулар болсын, пайғамбарымыз (с.а.с) сәлемдер мен салауаттар болсын дей отырып қазіргі таңда баршаңызға мәлім коптеген жастарымыз сан қилы әр – түрлі ағымдардың құрбаны болып жүрген жағдайы бар. Білімсіздіктің салдарынан ата бабамыздың ұстанған жолы имам Ағзам Әбу Ханифа жолын мойындамай мазхаб ұстанбаймыз, Құран, хадиспен ғана жүреміз деп шатасып жүргендер бар. Тіпті атам қазақтың ұстанған салт – дәстүр, әдет – ғұрпын жоққа шығарып, біз хақиқи мұсылманбыз деп адасуда. Атап айтсам: Хизбут тахрир, Уаһабилік (сәләфилік), Исматуллашылар (зікіршілер), Ахмадия, Тәкфиршілер, Таблиғи жамағат (дағуатшылар) тағы  басқалар. Хизбут Тахрир саяси радикалды ұйымның құрбаны болған қанша ма жастарымыз аузында кәлимасы 5 – уақыт намазы бар, бірақ саясатқа араласып кейінгі кезде экстремистік әрекеттерге барып, соңы бас бостандығынан айырылуына әкеліп соғып отыр. Ислам сөзінің өзі «Силм» яғни бейбітшілік, мейірімділік, достық, бауырмалшылдық, сәлеметтік дін.

Әр – бір елдің ұстанған әдеп – ғұрпы салт – дәстүрі болады. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін оның тілі, діні, өнері, тарихы, әдет – ғұрпы болады. Құранда «Рұм» сүресінде Аллаһ тағала айтады: «Адамдар ұлтқа, ұлысқа бөлінеді», – деді. Демек араб болу шарт емес. Қазіргі жастардың «Сәләфилік» ағымға еліктегендер тіл тек қана араб тілі болу керек деп түсінеді.  Сол себепті мешітте қызмет етуші имам, молда әр кері тартпа діни ағымдарды талдап жұртшылыққа түсіндіре білуі қажет. Білім мәселесіне тоқталсақ  ҚМДБ – ның төрағасы, Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің басшылығымен Алматы қаласында имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты жұмыс атқаруда.  ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің бастамасымен аудан имамдары 40 күн Шымкент қаласындағы «Шымкент» медресесінде білімін жетілдірді және ауыл имам молдалары да Сарыағаш ауданы «Сарыағаш» медресесінде аудан имамдарының ұсынысмен  білімдерін  жетілдіруде. 2011 жылдың 12 шілде күнгі Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіндегі жарияланған ҚМДБ – ның төрғасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің халыққа жолдаған үндеуіне қолдау көрсетіп. Шардара ауданынан да бір топ кәсіпкерлер  қасиетті Рамазан айында күнделікті тұтыну тауарларын 10 пайыз төмен бағамен сатамыз деп уәде беруде. Біздің ОҚО бойынша өкілдігі жанынан ашылған «Kattani.kz» сайтынан көрулеріңізге болады.

Аудан имамы Асылхан Данияров: Құрметті бүгінгі «Ырыс алды ынтымақ» форумына қатысушы  аудан әкімшілік аппараты, қонақтар, игі жақсылар баршаңызды алдағы келе жатқан айлардың ішіндегі сұлтаны болған қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен бүгінгі «Абай» мәдениет үйінде өткізіліп  отырған «Ырыс алды ынтымақ» атты форумның мақсаты елдің тыныштығы мен бірлік ынтымағы аясында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің  сарабдал саясатының арқасында кең байтақ жеріміз Қазақстан көркейіп, Дін басымыз  Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің елді бірегей ынтымаққа, бірлікке достыққа шақыруының арқасында ел тыныш, халық аман  желбіреген бір көк тудың астында өмір сүруде. Дана халқымыз «Бақ қайда барасын, ынтымақ бірлікке барамын», – дейді  деген.

Алла тағала Елімізге тыныштық, халқымызға амандық  қасиетті Рамазан  айы барша мұсылман қауымына сауабы мол жақсылық әкелсін.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы                                                                                         А. Данияров