Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын!

Наурыз айында «Шардара» орталық мешіттің ұйымдастыруымен аудандық «Абай» мәдениет үйінде, Сүткент ауылы Төлеген Тәжібаев жалпы орта мектебінің үлкен залында «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты Тоқсанбай Бердібеков, мекеме басшылары, мектеп директорлары, жоғарғы сынып оқушылары және қала тұрғындары, ауыл имамдарының қатысуымен өтті. Мерекелік кешті Шардара ауыл мешітінің бас имамы Абдраманов Смат жүргізіп отырды. Алғашқы сөз Аллаһ тағаланың кәламы Қасиетті құран кәрімді оқуға Қазақстан ауыл имамы Қуатбеков Жомартқа берілді. Кеш барысында аудандық орталық мешіттің бас имамы А. Данияров мерекелік кешке жиналған қауымға адамзат тарихында ең ұлы - сүйікті Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келген мәуліт күні жөнінде қысқаша тоқталып өтті.

Милади жыл санауы бойынша, 571 жыл кейін, 20 сәуірде, һижри санауы бойынша Рабиул-әууал айының 12-сі, дүйсенбі күні дүниеге келген. Мәуліт - араб сөзі, қазақша «туылған күн» деген мағына береді. Бұл атау Аллаһ тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамның (а.с.) Иса (а.с.) пайғамбарға дейінгі Алла тағала елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.а.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген. Сондықтан да әр жылы Рабиул - әууал айында Аллаһ тағала өзінің сүйікті пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үметті етіп жаратқанына сансыз шүкірлік етіп, Оған (с.а.с.) салауаттар айтып, Мәулітті Ислам әлеміндегідей мерекелеу бізде де дәстүрге айналып келеді. «Кімде кім Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мәулітіне қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында да иманды», - деген.Хасан әл-Басри (р.а.): «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (с.а.у) мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім», - деген. Жалалуддин ас - Суюти (р.а.): «Бір үйде немесе мешітте Пайғамбарымыздың (с.а.у) мәуліті оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Аллаһ тағаланың рахметі жауады және үйіне нұрмен оралады. Себебі, періштелер Пайғамбарымызға (с.а.с.) мәуліт оқығаны үшін ол адамға салауат айтып тұрады», - дейді. Бұл айда атап өткізудегі негізгі мақсат - адамзаттың асыл тұлғасы, әлем сардары Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өнегелі өмір - тарихын, мінез - құлқын, іс - әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата - ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыру. Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолын жан - жақты ашып түсіндіретін, исламның асыл құндылықтарын насихаттайтын түрлі рухани кештер мен жиындарды ұйымдастыру - мерекені атап өтудің негізгі мақсаты мен асыл мұраты екенін ұмытпағанымыз жөн. Рухани кеште діни әндер мен жырлар шырқалып, өлеңдер мен термелер орындалды. Өнерімен танылған мектеп Шардара ауылы Ш. Уәлиханов, А. Әлімбетов, Ұзын ата мектебінің шәкірттері қала, ауыл тұрғындарының алғысына бөленді. Өнер көрсеткен мектеп оқушыларына аудан әкімі Мараим Марғұлан Зұлқарнайұлының атынан орынбасары Шомпиев Бауыржан алғыс хат табыс етті.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Мекен-жайымыз: Шардара қаласы «Абай» атындағы мәдениет үйі.

Өтетін уақыты: 2011 жылдың, 5 наурыз, сағат: 11.00-де.

Ұйымдастыру алқасы: Шардара аудандық орталық мешіті