Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, ОҚО бойынша өкілдігі және «Ордабасы-НЖ» туристік компаниясы Мәуліт айы қарсаңында студенттер мен оқушылар арасында «Шығармашылық бәйге» ұйымдастырады.  Ақпан айының соңында Қаттани мешіті С.Сейфуллин атындағы «Халықтар достығы» үйінде ұйымдастырып отырған Мәуліт мерекесінде жеңімпаздар анықталып сыйлықтар беріледі.

Қойылатын талаптар:

1. Студент немесе оқушы болуы,

2. Студенттер 2 мақала,

3.Оқушылар 1 мақала,

4. Өз ойымен жазуға тырысу,

5. Мейлінше кітаптарды сілтеме ретінде пайдалану, кітаптардан тікелей көшірмеу.

6. Мақалаларды бүгіннен бастап 22 ақпанға дейін [email protected] Е-поштасына жіберіңіздер.

 

Мақалалары тақырыптары:

Мәуліт жайында,

Пайғамбарымыздың с.а.с. өміртарихы, балалық шағы,

Өміріндегі қызықты оқиғалар

 

Бас жүлде: Умра қажылығына жолдама («Ордабасы-НЖ» компаниясынан сыйлық)

1-орын: теледидар + діни кітаптар,

2-орын: DVD ойнатқыш, діни кітаптар, Құран,

3-орын: DVD ойнатқыш

Бұдан бөлек бес адамға ынталандыру сыйлықтары беріледі. Қосымша мәліметті орталық мешітке 53.99.19. номері арқылы наиб имам М.Естеміровқа хабарласуларыңызға болады. Марапаттау рәсімі «Мәуліт мерекесі» күнінде болады.