Қантар айының 16 жұлдызында «Шардара» жалпы орта мектебінде «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта өткен кездесуге мектеп директоры Нұрымбетов Жалғас,  аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алипбеков Арапбек, аудан имамы Данияров Асылхан және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында сөз алған мектеп директоры Нұрымбетов Жалғас келген қонақтармен таныстырып, Еліміз Егемендік алғалы бері қазіргі таңда жастар арасында қасиетті дініміз Исламға  бет бұрушылардың көп екендігін, сонымен қатар діни ағымдарға еліктеуші жастар да жетерлік екендігін айтып өтті. Соның алдын алу мақсатында бүгінгі қонақтар сіздерге солардың көздеген мақсатын арнайы жеткізу үшін келіп отыр.

Алипбеков Арапбек: Құрметті мектеп директоры оқушылар баршаңызға мәлім  қазіргі таңда жастар арасында әр - түрлі діни ағымдарға еліктеп жүрген жастар көп. Соның  алдын алу мақсатында аудан әкімшілігінің жанынан құрылған «Үгіт - насихат» тобының қатысуымен  түзілген жоспар бойынша аудан аралық барлық  мектептерде кездесулер өткізілуде.

Аудан имамы Данияров Асылхан: Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастай отырып, барша мақтау, мадаққа ие болған Ұлы Жаратушымызға шүкірлер болсын, адамзамттың асыл тұлғасы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) Алланың сәлемі мен салауаттары болсын. Қазіргі таңда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптап кеткен кері тартпа діни ағымдар жастарымыздың санасы уланып жатқанынан хабарларыңыз бар. Соның алдын алу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан шыққан   арнайы кері тартпа діни ағымдардың ақпараттық бюлетеньдерімен таныстыру үшін көптеген кездесулер өткізілуде.  Дана халықымызда «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде деген».

Сіздерді солармен таныстыру үшін бүгінгі өткізіліп отырған кездесудің де мағынасы осы.

Мектеп оқушыларының арасынан Тәшкенбай Ұлбала, Лесбай Сәуле, Оңалбай Балжан, Асқарова Қарлығаш, Нәшен Сайлау, Қожанов Болысбек, Итанов Нұрсұлтан сынды оқушылар  тарапынан қойылған  Тұмар тағуға бола ма? Намаз неше жастан парыз? Діни ағымдар нені уағыздайды? Бал ашатын адамға баруға бола ма? Хиджаб кию парыз ба? деген  сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

Мектеп директоры Нұрымбетов Жалғас келген қонақтарға мектеп басшылығы, оқушылар атынан алғысын айтып өтіп, кездесулер әлі де әр - түрлі тақырыпта  жалғасын табатындығын  айтып өтті.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы      А. Данияров