Қайтсең-дағы айла тап, күлге ауна да, бала тап…

Жо-жо-оқ, бұл жарнамалау да, үгіттеу де емес. Құдай сақтасын! Бұл — 30 маусым күні «Хабар» те­леарнасының «Сонымен, солай дейік…» атты бағдарламасында көтерілген тақырып. Тақырыпты шы­найы тар­қататын шын кейіпкер де табылыпты. Студия төріне шы­ғысымен-ақ, ол ойын ортаға жайып салды.

Кейіп­кердің айтуы бой­ынша, 32 жасқа дейін өмірлік жартысын таппаған соң, өмірде серік болар бала туып алу­ға бел байлаған. Көп ұзамай, ойын жүзеге де асырады. Қалай дейсіз гой. Кәдімгідей, еш қиындықсыз. Күл­ге ау­нап емес, әрине. Көңілдес тауып, содан туып алыпты. Тіпті тәтем бұл қылығын Әлия мен Мән­шүктің ерлігіне балайтындай көрінді. Ас­тапыралла, біреу тас төбеден тастай су емес, құдды қазық қып қа­­ғып қойғандай қимылдай алмай қалдық. Телеарна алдында емес, сол бағдарлама барысында. Өйткені са­рапшы ретінде сонда ша­қы­рыл­ған болатынбыз.
- Атың кім?
- Арман.
- Кімнің баласысың?
- Мамамның.
- Ой, мамаңның аты кім?
- Мақпал.
- Ал, әкеңнің аты ше?
- Әкем…, мамамның әкесі. Атамның аты — Ерден.

Енді түсінікті болу үшін та­қы­рып­ты тарқатайық. Аталмыш бағ­­дар­­ламада материалдық жағ­дайы мен мансабы бір басына же­тіп-ар­тылатын жасы келген қыз-ке­лін­шектердің өзім, тек өзім үшін (есеп­пен) некесіз бала туып ала­мын дейтін өзімшілдер жай­ында әң­гіме қозғалды. Өмір­де отбасы құ­руда жолы болмаған осы тағ­дыр­лас отырып қалған қыз-ке­лін­шек­тер ана атанып, бала емізу ба­қытын сезіну үшін осын­дай қа­дам жасайды екен. (Ана атанудан гөрі, қартайғанда жалғыз қалудан қо­рыққандықтан деген дұрыс шы­ғар. авт). Болашақ баласының әке­сін алдын-ала өзі таңдап, оған ой­ын ашып айтып, некесіз қа­рым-қатынасқа түседі. Алайда әл­гі жігітке «балам бар деп атаушы да, іздеуші де болма» деп шарт қоя­ды. Өйткені оның материал­дық көмегіне де, әкелік алақанына да зәру емес. Сосын нәресте дү­ни­еге келген соң, оны өз фа­ми­лия­сына жаздырып ала­ды. Егер бала есейгенде әкесін із­деп жатса, оның да жарасы же­ңіл екен. Оған «Сенің әкең жоқ, ол туралы сұ­рау­шы болма!» яки «Сен ХХІ ға­сыр­да өмір сүріп жатырсың, мұн­дай майда-шүйде нәрселерге мән бер­ме» деп түсіндіре салады-мыс. Ба­ла да оны тез түсіне қойып, өз күн­де­лі­гіндегі «әке» деген тарауды мүл­дем ашпайды-мыс.
Сондай-ақ мұндайлардың кей­­біреуі көңілдес іздеп, басын тау­ға да, тасқа да ұрмай-ақ, жа­сан­ды ұрықтандыру әдісіне жү­гі­не­ді екен. Оның да шарты бар. До­нор болар ер азаматтың тек сырт­қы түр-сипаты ғана көрсе­ті­ліп, аты-жөні, тегі мен мекен-жайы және қай өлкеден екендігі жай­ында ақпарат берілмейді. Яғ­ни мұндай жағдайда әйел кім­нен бала көтергенін және бала әке­­сінің кім екенін өмірбақи бі­ле ал­май кетеді деген сөз. Бі­рақ, бұ­дан да маңыздырақ бір гәп бар. Ол гәп­ті соңына қалдыра тұрсақ…
Ендеше, бүгінгі қо­ғам­ның өзек­ті мәселелерінің біріне ай­нал­ған жиіркенішті қылықтың үй­­реншікті тұстарын жеке-жеке тал­­дасақ. Мақалаға қойған атауым — жария түрде ойнас жасауды мақ­­тан тұтқан қаракөздеріміздің «жа­­найқайынан» ұққаным һәм тү­й­­генім.

Мәселенің мәнісі

Қыз-келіншектердің отырып, ор­нын таппай қалғандығынан кө­ше­дегі көрінген біреуден бала туып алуы — адамгершілік аясына да, ата дініміздің ұстанымына да жат. Әрине, қыздардың ерте тұр­мыс құруға құлық та­ныт­пау­ла­ры­ның басты бірнеше себептері бар. Оқып, білім алу, нарықтық за­ман­да біреуге тәуелді болмау үшін ақ­ша табу, алға қойған мақсатына же­ту үшін сүйікті мамандығы бой­ынша мансапқа жету. Ер-аза­мат­пен терезесін тең етуге тал­пын­ған нәзік жандар осылайша уа­қыттың қалай өтіп кеткенін біл­мей де қалады-ау, сірә. Алайда тұр­мыс құруды кешеуілдетіп жат­қан бұл себептердің ешқайсысын да әйел затына жат қылық дей ал­май­мыз. Бірақ бойжеткеннің ба­ғын байлайтын басты себеп осы­лар. Сансыз себептердің қатарына ат­қамінер азаматтар санының аз­д­ы­ғы да қосылып отыр. Міне, осын­­дай тоқсан түрлі себеппен, өкі­­нішке қарай, елімізде 300 мың­нан астам Қыз Жібек Төлегенін та­­ба алмай отырған көрінеді.
Жалпы, адамзат баласының «мен ешкімге тәуелді емеспін, ер­кек­сіз, яки әйелсіз өмір сүре ала­мын» деуі жалған пікір. Бір өкі­ніш­тісі, қазіргі таңда осындай көз­қарастағылардың арта түсуі. Яғ­ни «Ешқандай материалдық мә­­с­еледе мұқтаждығым жоқ. Сон­дық­тан еркекке тәуелділігім де ша­малы» деген пікірді ұста­на­тын­дар осындай қадамға барады. Алла Тағала барлық жаратылыс ие­сін жұп-жұбымен жаратқан. Әр нәр­се өз жұбымен жарасымды. Сон­дықтан өмір бақи дені сау ер- аза­мат әйелсіз, ал дені сау әйел заты ер азаматсыз ғұмыр кеше ал­май­ды. Мәселе тек қана материал­дық тұрғыда шешілмейді. Айт­па­ғы­мыз, үлде мен бүлдеге ора­­ну­­мен, яки бір ғана бала та­бу­мен әйел та­би­­ғатының жыныстық қа­тынасты та­лап етуі тоқтап қал­май­ды. Бұл — Жа­ратқан жа­рат­ы­лы­сының заң­дылығы.
Кейбіреулердің қиялын­да­ғы­дай көлігі, мол табысы, үй-жайы бар, бір сөзбен айтқанда, «идеаль­ный» жігіттер мына заманда бә­рі­не бірдей табыла бермейді. Бар­ша­ға топырақ шашудан аулақпыз. Бі­рақ бұл бүгінгі бойжеткеннің бі­рінші бұйымтайы болып тұр­ған­дай. «Сабақты ине сәтімен» де­ген. Дұрысы, мансап пен бай­лық қуып жүре бермей, уақытында жа­салған ұсынысты ұтымды пай­да­­ла­на білсе игі. Өйткені егер сен­дерге діні мен мінезі ұнайтын кісі айттырып келсе, оған дереу үй­леніңдер. Әйтпесе, жер бетінде ала­сапыран және үлкен бұзақылық орын алады деген Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.ғ.с) хадисі бар.
Хош, тағдырдың жазуымен оты­з­ға келгенше тұрмыс құра ал­ма­ды делік. Бірақ қос тізесін құ­шақ­тап қалу — күнәлі қадам жа­сау­ға сылтау бола ала ма?
Тақырыпқа қатысты адамның емес, Алланың сөзін сөйлетіп кө­рей­ікші. Құранда: «Зинаға жо­ла­маң­дар» деген аят бар. Аяттағы «Зина» деген сөз — адамның аты емес. Зина — некесіз қарым-қа­ты­нас жасау. Құран адамзат баласын не­кесіз қарым-қатынасқа апара­тын барлық істерден тыюда. Де­мек, Алла Тағала мұсылмандарға ар­сыздыққа итермелейтін бөгде қыз-келіншектер, яки олар бөгде ер­лерге тесіліп қарау, денесін ұс­тау, сүйісу сынды істерге жоламау ке­ректігін ескертуде. Некесіз қа­рым-қатынасқа түсу — үлкен күнә. Осы­лайша күнәға кіріптар бола тұ­ра, «бала таптым» деп мақ­та­на­мыз, шаттанамыз. Тіпті ұлан асыр той жасаймыз. Ол аздай, «мен өмірімде біреуді алдап-ар­бап, кісінің ала жібін аттаған емес­пін» деп бетіміз бүлк етпестен ақ­­таламыз. Құнанбай қажының за­манында Қодар мен Қамқаға ой­нас жасағандары үшін ұрпаққа са­бақ болсын деп тиісті ауыр жа­за­сын берсе, бүгінде бұл іс бала сүю символына айналғандай.
Біз қит етсе, «Құдай-ау, Құ­нан­бай қайда, біз қайда? Қазір за­ман өзгерді, жаһандану за­ма­ны­ның талабы — осы» деген қисын­сыз пікірді алға тартамыз. Алайда за­ман өзгермейді, адам өзгереді. Өйт­кені әлімсақтан бері күн сол шы­ғысынан шығып, батысынан ба­туда. Ешкім алты аяқты, төрт көз­ді болып туып жатқан жоқ. Дұ­ры­сы, адамның пейілі, өмір сүру сал­ты, ұстанымы мен адами бол­мы­сы өзгерді деуіміз. Адам өзінің не­гізгі асыл уәзипасын ұмытқанда, яки білмеген жағдайда ол әртүрлі қа­теліктерге бой алдырады. Де­мек, мәселе мінез-құлық фак­тор­ла­рын түзетуде.
Зина үлкен күнәлар қатарынан ой­ып тұрып орын алған. Имам Ха­физ Шамсуддин Заһаби есімді ға­л­ымның «Үлкен күнәлар» атты ең­бегінде зинаға қатысты мы­на­дай мәліметтер баян етілген. Бірде Пай­ғамбарымыз (с.ғ.с) түс көреді. Тү­сін­­де оған Жәбірейiл мен Ми­ка­й­л періштелер келеді. Пайғам­ба­­рымыз (с.ғ.с): «Біз жолға шық­тық. Тандырға ұқсас бір ыдыстың қа­сына келдік. Одан жантүр­ші­гер­лік дауыс естілді. Қарасақ, оның ішінде жалаңаш еркек пен әйел­дер бар екен. Әлгі ыдыстың ас­тынан от жанып, от алауы олар­ға тиген сайын айқайлап шың­ғы­рып жатты… Тандырға ұқсаған ыдыс ішіндегілер зинақор әйел мен еркектер болатын» дейді. (Имам­ Бұхари).
Сондай-ақ басқа бір риуаятта то­зақта «қайғы құдығы» деген жы­лан мен шаяндар мекендейтін ой­пат бар. Шаянның үлкендігі қа­шырдай (есектен үлкен, аттан аласа жануар) болады. Оның уға толы жетпіс инесі болады. Ол зи­на­қорды шағып, оның азабы мың жыл­ға жетеді. Сосын зинақордың де­несі ыдырап, жыныс мүшесінен қан мен ірің ағады. Егер зина жа­сау­шы отбасылы адам болса, олар­ға қабірде бүкіл үмметке бе­рі­летін азаптың жартысы беріледі де­лінген.
«Тозақтың жеті қақпасы бар» де­ген Хижр сүресінің 44-аятының тәп­сірін Ато есімді ғалым бы­лай­ша тарқатады: «Тозақ қақпа­ла­ры­ның ең қорқынышты әрі қай­ғы­лы­сы және ыстығы мен сасығы — біле тұра зина жасағандар кі­ре­тін қақпасы». Иә, Алланың сүйіс­пен­шілігіне бөленген құлдарына жән­нат қақпалары айқара ашыл­са, өкінішке қарай, жиір­ке­ніш­ті қылықтарды жасауда ал­ды­на жан салмағандар үшін Жарат­қан­ның жазасы осы болмақ.
Адамзаттың қас жауы шайтан өз әскерлерін жер жүзіне жіберіп тұ­рып: «Кімде-кім бір мұ­сыл­ман­ды жолдан тайдырса, оның ба­сы­на тәж кигіземін» дейді. Олардың бірі: «Пәленшені аз­ғы­ра-азғыра әйе­лімен ажы­рас­ты­рып жібердім» дей­ді. Сонда шай­тан: «Сен еш нәр­се жаса­мап­сың, ол жақында басқасына үйленіп алады» дейді. Басқа әскерлерінің бірі келіп: «Мен пәленшені азғырып, ақыры со­ңында оны жан досымен ұрыс­ты­рып тындым» дейді. Оған да шайтанның көңілі толмай: «Сен де еш нәрсе жасамапсың, ол да ер­тең-ақ татуласып алады» дейді. Со­сын басқа бірі келіп: «Мен пә­лен­шені азғыра-азғыра ақыры оған зина жасаттым» дейді. Сон­да қуанып кеткен шайтан: «Өте керекет іс жасапсың» деп тәж­ді ба­сына кигізеді екен. Әри­не, адам ба­ласы мұндай іс-әре­кет­ке ба­­руы­на шайтанның қол ша­па­лақ­тауы бекер емес. Өйткені бұл — Ал­ланың ашуын тудыратын үлкен кү­нә.
Мұндай арсыз іс-әрекеттің орын алуына тек қана әйел заты кі­нәлі деуге болмас. Бұл тұста та­я­қ­­тың екінші ұшы зина жасаушы «ер­кексымақтарға» тиеді. Көрін­ген ұяға жұмыртқалаған көкек ер­кек­тер болмаса, өзі үшін бала туа­тын­дар күлге аунап тумасы анық. Бұл тұрғысынан алғанда жауап­кер­­шілік те, айып та екеуіне тең­дей бөлінеді. Көшеде қызыл киім ки­ген қыз көрсе, асарын асап, жа­са­рын жасағанша жалған жа­ғым­паз­дана жөнелетін қуыс кеу­дем-ай. Тарихта тапқырлығымен аты қал­­­ған Жиренше шешеннің зай­ы­бы Қарашаш та парасатты әйел бол­ған екен. Қарашашқа көзі түс­кен сол заманның Ханы күйеуін алыс сапарға жіберіп, өзі нө­кер­ле­тіп Қарашаштың отауына ке­ле­ді. Ханның келетінінен хабардар бо­­лып отырған Жиреншенің зай­ы­бы палау тағамын пісіріп, оны не­ше түрлі ыдысқа салып қояды. Арам оймен келген Патша дас­тар­қан үстіндегі тағамға қарап оты­рып, Қарашаш анамыздың тап­қырлығына қатты таңғалады. Әр­түрлі ыдысқа салынған бір ғана та­ғ­амды көріп, өз ісінің қателігін тү­сініп, дереу үйден шығып кет­кен екен. Міне, осылайша, Қа­ра­шаш анамыз Ханға нәпсінің кө­зі­мен қарасаң, әйел заты әртүрлі бол­ғанымен, оның ішкі болмысы бір деп ұтқырлығымен ұқтырған еді. Сондықтан қу нәпсінің кө­зі­мен емес, әрбір қыз-келіншекті өз әпке-қарындас, туған қызымыз бен жарымыздай көре білсек, на­ғыз ер-азаматтығымызға тән қа­си­ет танытқан болар едік. Амал не­шік…

Тексіздік таңбасы

Мұны қазақ «ойнастан туған» деп санайды. Шортанбай ақын­ның бір өлең жолдарын кішкене сы­пайылап берер болсақ, онда бы­лай делінген: «Арам донор бол­ған соң, атасы бермес батасын». Пе­ріште пиғылды жас балаға «не­ке­сіз туған, ойнастан туған» деген те­ңеулерді таңба етіп тағып отырған кім? Әрине, қартайғанда қа­раусыз қалудан қорыққандар мен аяғын шалыс басқандар! Со­сын жасаған күнәсін жасыру үшін бі­рі оны тірі жетім атандырса, ен­ді бірі дүниеге келтірмей, өз қо­лы­мен құрбан етеді. Ал енді та­қы­рып­қа қатысты ниеттестер баланы өз тегіне жаздырып алады.
Алайда бұған асыл дінімізде мы­надай ұстаным бар. Түсінікті бо­лу үшін тарихтан бір мысал. Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с) зама­ны­нан тарқатар болсақ, Зайд Ха­ри­­саұлы есімді баланы құлдықтан азат еткен пайғамбарымыз көп­ші­лік алдында: «Бұдан былай бұл ба­ланы Зайд Мұхаммедұлы деп бі­ліңдер» деп жариялайды. Содан көп ұзамай-ақ, мынадай Алланың ая­ты түседі: «Оларды өз (туған) әке­сінің атымен атаңдар. Алланың на­зарында дұрысы да — осы. Әке­сі­нің кім екенін білмесеңдер, олар­ды діндес бауыр немесе дос деп санаңдар» (Ахзаб, 5 аят). Со­дан бастап Зайдты қайта өз әке­сі­нің атымен атаған. Бұл — күллі мұ­сылман үмметіне қияметке дей­інгі үлгі-өнеге. Баланы өз те­гі­мізге жазып алсақ, ол ініміз, яки сі­ңліміз болып қалмайды ма? Сон­да кімді алдап отырмыз? Бал­ғын бала құқығын аяққа таптай оты­рып, қылмысымызды осы­лай­ша жасырудамыз.
Мұндайда ата-ананың өзегін өрт шалып, жүрегі қан жылайды. Ар­мандары бұл емес еді, амал қан­ша?! Іштен шыққан шұбар жы­лан, кеудеден итермейді, қыз­да­рының дегеніне көніп, келіседі. Ту­лап сыртқа сұранған намыс жа­сын ішке түйіп, іштен тынады. Бала балдан тәтті, немере одан да тәт­ті емес пе?! Ата-әжесі өзара үне­мі немерелерінің қылықтарын ай­тып мақтанады. Бірақ қыз­да­ры­ның мұндай «көзсіз ер­лік­те­рі­нің» арқасында ата, әже атанған ата-ана керісінше, көпшілік ара­сын­да немерелері туралы артық әң­гіме қозғалмағанын қалайды. Әсі­ресе «Баланың әкесі кім, тегі кім?» деген аш бүйірден қадалған сұ­рақтан қашқақтайды. Бірақ жа­бу­лы қазан жабулы күйінде ұзақ қала алмайды, бұл сұрақты ертелі-кеш ер жетіп, есейген не­ме­ре­ле­рі­нің өзі қояды. Сонда оған «сенің те­гің жоқ, сен тексізсің» деп ай­ту­ғ­а кімнің жүрегі дауалар екен? Ал егер ол бала өскенде Мағжан Жұ­мабай атасына еліктеп бы­лай­ша жырласа не деп жауап бер­мек­піз?
Мен жоқ едім, ойнастан бар қып тапты,
Содан бері күн талай шықты, батты.
Ес білгелі алыстым, әкемді іздеп,
О, адамзат жүрегің нендей қатты.

Тоқалдық таңдау

Отырып қалған қыздарға екін­ші әйел ретінде ұсыныс жасалып жат­са, төбе шаштары тік тұрып ке­теді. Өйткені әупірімдеп жүріп қо­лы зорға жеткен күйеуін әлде­бі­­реумен бөліскенше, өмір бақи қос тізесін құшақтап өтуді ерлік са­найды. Жалпы, кешегі бәйбіше, то­қал, нақсүйер, аққолтықтан ту­ып тараса да бүгінгі әйел біткеннің пі­кірі — осы. Әрине, бұл сөзбен жап­пай бойжеткен мен қыз-ке­лін­шектерге тоқал болудан басқа таң­дауың жоқ деуден аулақпыз. Бұл әлгіндей өзі үшін бала ту­ғыш­тар­ға айтылып отырған ұсыныс.

Құты (жасанды ұрық) күйеу

Жасанды ұрықтандыру мәсе­ле­сі. Бұл жөргек жуғысы келетін жан­дарға жасалып отырған жәр­дем. Алайда бұл жәрдем қандай жол­мен жасалуы тиіс?
«Егер ер кісінің ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа жасуша­ла­ры табиғи түрде ұрықтана ал­ма­ған жағдайда, оларды ұрықтан­ды­ру­ға шариғат рұқсат етеді. Яғни жүк­­тілікке қажетті ұрық, жұ­мырт­қа және жатыр бәрі бірдей бір ерлі-зайыптылардікі болған жағ­дай­да ғана қолдан ұрықтандыруға рұқ­сат».
Әйелге некелі күйеуінің ұры­ғын пайдаланған жағдайда ғана жасанды ұрықтандыру әдісін қол­дануға болады. Демек, кім екені белгісіз бейтаныс құты (жасанды ұрық) күй­еу­дің ұрығын құрсағына салу да арам. Жоғарыда жұмбақтап қал­дырған гәп-осы.

Тақырып түйіні

Сонымен, мәселенің шешімі не? Тақырыптың түйінін толассыз ты­йым деп түсінбеңіз. Алла рұқсат ет­кен жолдары да бар. Бастысы, бой­жеткен бағының байлануы бас­қа біткен бәле емес, Алланың бас­қа салған сынағы деп білгеніміз жөн. Алла Тағала әркімді әртүрлі сы­нақпен сынайды. Қанша жыл от­ба­сылы болса да, балалы болу бұй­ырмағандар қаншама?! Дү­ние­ге бала әкелу бір міндет болса, оны тәрбиелеп-өсіру одан да аса жауапты міндет. Міне, осындай жа­уапты міндет жүктелген ата-ана ұл-қызына қай ісімен үлгі бол­мақ? Бала тұрмақ, бір әулеттің сүй­егіне өшпес таңба салар ісімен бе? Күндердің бір күні ойнастан ту­ғанын білген соң бала пси­хо­ло­гия­сында өзгерістер пайда бо­ла­ды. Сосын оның да ана қателігін қай­таламасына кім кепіл?! Егер мұн­дайлардың саны арта түссе, жиір­кенішті қылықтың үйрен­шік­ті болуы деген — осы. Бақыт пен байлыққа қандай жолмен бол­са да қол жеткізуім қажет де­ген ойдан аулақ болуымыз тиіс. Бір сөзбен айтқанда, Алладан адал жар сұрап, күнәдан сақтанып кү­туі, яки бәйбішеге жәрдемші бо­луы некесіз бала туып, күнәға бел­шесінен батудан қарағанда әл­де­қайда абзалырақ.
Бұл мәселеге қатысты Пайғам­ба­­ры­мыз (с.ғ.с): «Әй, жастар тобы! Сен­дерден кімнің отбасын асы­рау­ға шамасы жетсе, онда үй­лен­сін. Өйткені үйлену — көзді арам­нан сақтаудың, мүшені пәк ұс­­тау­дың ең тиімді жолы. Ал егер кім­де-кімнің үйленуге шамасы жет­песе, ораза ұстасын. Өйткені ора­за оған (жаман ойға берілуден) қал­қан болады» деп өсиет еткен.
Тақырыптың түйіні, түрлі се­беп­термен тұрмыс құрмай, жасы к­е­ліп қалған қыз-келіншектердің арам жолмен бала табуы — адам­гер­шіліктің шегі мен шариғат шең­берінен шығу. Басқаша айт­қанда, «қайтсең-дағы айла тап, ой­нас жаса, бала тап» деуге жол жоқ! Сіз­дің таңдауыңыз — сіздің тағ­ды­ры­ңыз. Таңдауыңыз тозақтың тү­бі­не түсіруі де, яки Алланың мол жақсылығына жетелеуі де бек мүм­кін. Сондай-ақ бұл тек сіздің жеке басыңыздың ісі ғана емес, бұл мұсылман қазақ қоғамына тек­сіздік теңеуін тағатын қауіпті дерт.
Дінімізде «адамның өзін емес, жа­саған жиіркенішті ісін жек көр» де­ген қағида бар. Өзі үшін бала туғыштарға жау бол­ғандықтан емес, бұл іс-әрекет қо­ғамда дау болғандықтан қозғап отыр­мыз. Білеміз, мұндай іске еш­кім де ерігіп бармайды. Әркім­нің айтар бір уәжі бар. Алайда біз­дің кейбір сылтауларымыз ада­ми болмысымызды аяқасты етуге еш себеп бола алмайтындығын ес­тен шығармайық.
Бір кездері есекке теріс отырғызып, артына ит қосып, ауылдан аластатып жіберетін індет бүгінде төрімізге жайғасты. Некесіз бала табу арқылы үлкен күнә жасағаны үшін өкініп, бармағын шайнамақ түгілі, ойнастан ұлды болғанын мақтан тұтып, басқаға жарнамалауы осының айғағы болса керек. Сосын еріксіз, итің ұры десе намысы келетін қазақтың бүгінгі ұрпағының таңдауы осы болғаны ма деп налисың. Біз мұсылманбыз, біз қазақпыз және солай болып қаламыз да. Ендеше, Жаратқан баршамызды атына заты сай адам болуға жазсын деп тілейік!

Төлеби ОСПАН,
«Нұр Астана» Орталық
мешітінің наиб имамы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Жақсы жазылған, тақырып өте курделі, бізде бірінші әйел еш уақытта руқсат бермейди. Ол руқсат беру үшін өте иманды болу керек, ал иманды қыз келіешектер өте аз. Өкінішті ақ


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Оқып шықтым, бірақ бір сұрағым бар. Балаға түсік жасауда, некесіз тууда үлкен күнә. Бірақ өмір өз ойлағаныңдай болмайды. Кейбір қыздарды еріксіз зорлап, жүкті болып жатады. Ол не істеу керек.


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    keremet jazilgan dunye.Allanin nuri jausin astananin bas umamina


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    бул багдарламаны мен де кордим сиздин айткандарынызбен косыламын Арине иштей казак айелдеринде болып жаткан маселеге селкос карамайтындыгыныз коринип тур


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Керемет жазылған дүние. Егер осы мақала бір адамның басына жақсы ой салса, иншалла Сіздің жазған мақалаңыздың ақталғаны, Алладан бір сый бар деген сөз. Осындай салмақты та салиқалы мақалалар көбейе берсін.

Пікір жазу