Үндеуге қолдау – Бәрімізге ой салды

Қасиетті Рамазан айы мұ­сыл­мандар үшін ең қасиетті де қа­дір­лі, берекелі де ырысты ай. Бұл айда тағдырымызға жақсы­лық беретін Қадір түні бар. Әрі барша мұсылман ораза тұтып, Алла ал­дында ниеті сыналады. Сондық­тан баршамызға Алла ­та­ғала тау­фиқ-һидаят беріп, има­ны­мыз­ды берік, ниетімізді қабыл етсін. Халықтың күн­кө­рісіне жеңілдік пен көмек, еліне Алладан ризық-несібе сұ­рал­ған үндеу барша мұсылмандарға ой салғаны анық.

Енді өзіме келсем, бір адам қолымнан намаз кіта­бын сатып алып, сәждеге маң­дайын тигізсе, мүмкін бұл біреулерге жай нәрсе боп көрінер, ал мен үшін ол зор бақыт! Сон­дық­тан азды-көпті болсын, Бас мүфтидің: «Бұл үндеу барша адамзат бала­сына мол ризық беруші Алла ­та­ғаланың разылы­ғы­на біз­дің жұр­тымыз мұнан әрі қарай да бөленіп, сауабына ие бола берсе деген ізгі мақсаттан туып отыр», деп айтқанындай, Алла­ның ра­зылығына бөлену үшін осы Рамазан айында бар жақ­сы­лық ниетімізді төгейікші, ағайын!

Сақыш Қабдоллақызы, жеке кәсіпкер.

Өскемен.

Ақпарат көзі…



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*