Үндеуге қолдау – Игі істің сауабы мол

Қызылжар өңірінде ораза күн­­дері дүкендерде арақ-шараптың сатылмауына, азық-түлік, тағам өнімдерінің, коммуналдық қыз­меттердің арзандауына қандас­та­рымыз өз үлес­терін қосуда. Мысалы Тайынша ауданына қа­расты Теңдік ауы­лындағы серік­тестіктің жетекшісі Орынбай қа­жы дүкендерге ішімдік атаулы­ны әкелуге тый­ым салып, күн­делікті тұтынатын тағамдар мен тауарлар бағала­рының қолже­тім­ділігін қамтама­сыз етіп отыр. Облыс орта­лы­ғындағы «Қызыл­жар» орталық мешітіндегі асханадан жайшы­лықта адамдар арылмайтын. Ора­за айында ауыз аштыру­шы­лар қатарының тіпті көбейіп кететіні белгілі. Осы жағын ескеріп, асхана бағасы 15 пайызға арзандатылды. Аудан­да­ғы мешіт­терде де қызмет көр­сету бағасы едәуір төмендеді.

Ал біз болсақ, сауапты істер жасауға шақыратын үндеудің мән-маңызын жүрген жерлеріміз­де кеңінен түсіндіріп, айта жү­ру­ді бір парызымыз санаймыз.

Қасымхан қажы АБДОЛЛАҰЛЫ,

Солтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы.

Ақпарат көзі…



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*