Үндеуге қолдау – Ниет болса, бітпейтін іс жоқ

Бас мүфтидің үндеуінде ай­тылған жәйттер «Сарайшық» халал мейрамханасында бүгінде анық жүзеге асуда. Ол қаладағы жалғыз халал тамақ ішетін орын десек те болады. Тұрғындарға мұсыл­мандық шариғат талапта­рына сай қызмет көрсетіп келе жатқан мейрамхана өз беделін күн өткен сайын көтеріп келе жатыр. Жыл сайынғы Рамазан айында ауызашар беру, басқа да сауапты істерді үзбей жасайтын «Сарайшық» мейрамханасының басшысы Ерлан Алдаспаев би­ыл­ғы мүбәрак Рамазан айында мәзірдің бағасын 15-20 пайызға арзандатқан.

– Біз қаладағы жалғыз халал мейрамхана болғандықтан Әбсат­тар қажы Дербісәлінің үндеуіне үн қосуды жөн деп таптық. Бір ай бойына атыраулықтарға же­ңілдікпен қызмет етпекпіз. Мұ­нымен қатар Рамазан айының бір күнінде ауыз бекіткен жа­ма­ғатқа тегін ауызашар ұйымдас­тыруды да жоспарлап отырмыз, – дейді мейрамхана әкімшісі Лау­ра Бегежанова.

Иә, «Сарайшық» халал мей­рамханасының игі ісін өзгелер де жалғастырса құба-құп. Ал мүф­тидің қасиетті айда арақ-ша­рап­тан, шариғатымыз тыйым сал­ған басқа да харам іс-әрекет­тер­­­ден аулақ болуға шақырған тілегін қолдаушылар тіптен көбейіп тұр.

Әлпеш САДЫҚ.

Ақпарат көзі…



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*