«Нұр Астана» мешітінің бас имамы - Хабар студиясының қонағы болды

Студия қонағы – «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев.

Ауыз бекіткен азаматтар екі жағдайда қуанады дейді. Біріншісі ауыз ашқанда, екіншісі Алла тағала алдында есеп бергенде. Студия қонағы осы ораза тұтқанның сауабы, пайдасы жайында айтып берді.

Қазіргі таңда жастардың дінге бет бұрысы көптеп байқалуда. Дегенмен де ақпараттың жетіспеушіліген олар түрлі діни ағымдарға кіріп кетіп жатқаны да рас. Діни басқарма тура жолды көрсету мақсатында, ақпарат беру мақсатында қандай жұмыстар жасауда? Тәуелсіздік жылдары мешіттер саны еселеніп көбейді. «Мешіт салу сауап іс» дейді. Сауап істердің қатарына тек мешіттер ғана емес аурухана, мектеп, бала бақша салу кіретінін кәсіпкерлерге айтып, үгіт жүргізіліп жатыр ма? Адамдар көбіне жақсылық жасаймын деп мақтанышқа айналдырып жіберетіні бар. Әсіресе ауыл аймақтарда. Бір ауылда бірнеше мешіт болатын болса олардың әрқайсысының атауы да бар. Біреулері әкесінің немесе атасының атын қойып жатады. Жалпы бұл дұрыс па? Діни кітаптар жеткілікті ме, олар қаншалықты қол жетімді? Студия қонағы осы және өзге де сауалдарға жауап берді. Ақпарат көзі…



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*