Хадистер - Оразада ұмытып жеу

«إِذَا نَسِيَ أَحَدُكُمْ فَأَكَلَ أَوْ شَرِبَ فَلْيَتِمَّ صَوْمَهُ، فَإِنَّمَا أَطْعَمَهُ اللهُ وَسَقَاهُ»

“Сендерден кiмде-кiм оразада ұмытып iшiп-жеп қойса, оны Аллаһ Тағала тамақтандырып, сусындатқаны. Ол адам оразасын толықтырсын.”

Түсiнiктеме: “…оразасын толықтырсын…” – шариғат бойынша төмендегiдей жағдайда ораза бұзылмайды:

Ұмытып iшiп, жеу. Бұл жағдайда ораза екенi еске түскеннен iшiп, жеуден тиылу керек;

Әлсiрететiндей мөлшерде қан алдыру. АнӘлиз үшiн қан алдырту оразаны бұзбайды;

Ерiксiз тамағына түтiн, тозаң, шыбын кiру.

Бой дәретсiз таң аттыру. Мысалы, ерлi-зайыптылар жыныс қатынасынан кейiн;

Түкiрiк жұту;

Тiстiң арасындағы көлемi бұршақтан кiшкентай нәрсенi жұту;

Ұйықтап жатып ихтилам болу.

Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

«عن عائِشةَ وأُمُّ سَلَمَةَ زَوْجَا النَّبيِّ صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يُدْرِكُهُ الْفَجْرُ وَهُوَ جُنُبٌ مِنْ أَهْلِهِ، ثُمَّ يَغْتَسِلُ فَيَصُومُ»

“Нәби (с.ғ.с.) бойы дәретсiз халде таң аттырса шомылатын, кейiн ауыз бекiтетiн.”

Түсiнiктеме: Бойы дәретсiз халде таң аттырған адам, сәресi iшкенге уақыты аз болған жағдайда, алдымен сәресi iшiп, кейiн шомылып ауыз бекiтсе болады.

Хадистi Айша (р.л.ғ.) және Умму Сәләма анамыздан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

Фото: 1zoom.ru



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*