Үндеуге қолдау артып келеді (Шардара)

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, төрағасы Бас, мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің жалпы халыққа үндеуіне қолдау көрсеткен 1 топ Шардаралық кәсіпкерлер де Шардара ауданы бойынша қажылар қауымдастығының төрағасы, жеке кәсіпкер Дәулет қажы Өзденбаев, «Хамит» СТК - нің төрағасы, балық өңдеу зауытының бастығы Бақытжан қажы Сермаңызов, «Әлихан» сауда орнының меңгерушісі, кәсіпкер Қайрат Кәрібаев, «Ибаділліа ата» сауда орнының меңгерушісі, кәсіпкер Сәбит Таңқыбаев сынды мырзалар үндеуді қуана қабыл алып, халық күнделікті тұтынатын азық - түлік тауарларын Алла разылығы үшін 10 пайыз арзан бағамен сатуда.

2011 жылдың 12 шілде күнгі Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіндегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің жалпы халыққа үндеуі жергілікті «Өскен - өңір», «Шартарап - Шарайна» газет беттерінде жарық көрген үндеуді қолдау аясында орталық базарда ет сатушы, жеміс - жидек, көк - өніс сатушы бір шама азаматтар өз ниеттерін білдіріп, үндеуге қолдау көрсетіп 10 пайыз арзан бағамен сатуда. Қасиетті жұма намазында, күнделікті кешкілік ауыз ашарларда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің жалпы халыққа үндеуі кеңінен насихатталуда.

Үндеуге қолдау көрсетушілер саны күн санап өсіп келеді. Қасиетті Рамазан айы алдымен жәрдемге, рахымға ең көп мұқтаж болған адамдарға сүйіпеншілік және қамқорлық сияқты адамдық сезімдерді оятатын жарылқау айы, аз қамтамасыз етілген жағдайы төмен отбасыларға рухани материалдық көмек көрсететін жәрдем айы. Дана халықымызда «Тарығып жеген талқанның дәмі таңдайдан 40 жыл бойы кетпейді», - деген нақыл сөз бар. Демек осы қасиетті Рамазан айының қадір қасиетін жете түсініп, баршамызды Жаратқан Алла тағаланың разылығына бөленіп, өзі көрсеткен сауабы мол игі жақсы амал іс - әрекеттерден істеуге жазсын. (әмин)

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А Данияров



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*