«Рамазан айында берілген садақа»

Шардара ауданы  «Шардара» орталық мешіт ұжымының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының 18 жұлдызында өткен «Қайырымдылық акцияға» «Шардара несие» ЖШС төрағасы Исаев Ораз, бас маманы Ибрагимов Бақытжан,  «Әлихан» сауда орнының меңгерушісі Кәрібаев Қайрат, сауда дүкен меңгерушісі Тұрғынбаев Мейірбек және басқа азаматтардың демеушілігімен қала әкімшілігінің есебінде тұрған аз қамтамасыз етілген 15 отбасыға, 1 -  ші сорт 15 қап  ұн, 5 литрлік 15 дана алтын  майы, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Әшірбаев Оңалбек ақсақалға  10 қап ұн, 9 дана алтын майы беріліп,  бастауыш сынып оқушыларына арналған  оқу құралдары  жабдықталған сөмке  16 оқушыға  №1 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектептің мұғәлимасы Әсия апайға тапсырылды.  Қайырымдылық азық - түлігін  алған жандар мен сөмкелі болған бүлдіршіндер осындай игі іс - шараны ұйымдастырушы ел ағаларына риза болып тарасты. Аталмыш іс - шараға жергілікті БАҚ «Өскен - өңір» газетінің редактор орынбасары Лаханов Сәбит, фототілші  Оңласын Төлегенов, бейне камера түсіруші Пасенов Мейрамбек, «Шартарап - Шарайна» газетінің редакторы Қары Нұрмахан, қала әкімнің кеңесшісі Беркімбаева Сәуле қатысты.

Іс - шараның өту барысында аудан имамы Асылхан Данияров қасиетті Рамазан айы пенденің адам баласының ішкі жан - дүниесі есеп алып, шын ықыласпен тәубаға келу айы. Қасиетті Рамазан айында берілген садақалардың маңыздылығы жөнінде хадис шарифте былай баяндалған: Бір адам Хазреті пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа Расулуллаһ! Қайсы садақа сауап жағынан  артық?» - деп сұрады. Сонда Аллаһ Елшісі пайғамбарымыз (с.а.с) : «Рамазан айында берілген садақа» - деп жауап берді. Рамазан жығылғанды демеп, жылағанды жұбататын, мұң - мұқтаждардың  қабағын кірбіңнен арылтатын шынайы  жанашырлық айы. Бұл айда Алланың рақымынан үміт ете отырып, ауыз бекітіп, құлшылық жасаған адамның тәубесі қабыл болып, жапырақтары төгілетін күзгі ағаштай күнәларынан арылады. Осы бүгінгі «Қайырымдылық акцияға» қайырымдылық көрсетіп үлес қосушы азаматтарға Алла тағала отбасы бала шағаларына амандық, кәсіптеріне, рызқы - несібелеріне, өмірлеріне береке, жақсылық беруін тілеп, бүгінгі қайырымдылық жәрдем алушы көпшілік атынан аудан имамы Асылхан Данияров шынайы ыстық  алғысын білдірді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы  А. Данияров.


Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Бүгінгі Кадір түні мүбарак болсын! Аллаһ Тағала тек береке, жақсылық берсін! Ниеттеріміз әрдайым қабыл болсын!

  2. Ак шапаныныз тек кайрымдылык ушин тозсын

  3. Аллаһ разы болсын! жумысыныз жемисти болсын

  4. Аллаһ разы болсын Асылхан аға! Ел үшін, дін үшін аянбай еңбек ете беріңіз. Алла жұмыстарыңызға жеңілдік берсін.

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*