Бүгін Арыс қаласында Құран жарысы болды

Арыс қаласы. 24-ші Тамыз күні Арыс қаласы орталық мешітінің ұйымдастырыуымен 7-ші рет құран жарысы ұйымдастырылды. Жазғы демалыста мешіттер жанындағы сауат ашу курсында оқып жаткан шәкіртер арсында өтті. Жарысқа Арыс ауданы және Ордабасы ауданынан шәкірттер қатысты.
Жарыс 3 бөлімнен тұрды:
Бірінші: 40-сүреден
Екінші: 25-сүреден
Үшінші: 10-сүреден
Үздік шәкірттерге бағалы сыйлықтар таратылып сонымен қатар құран жарысқа қатысқан барлық шәкірттерге ынталандыру ретінде сыйлықтар таратылды және жиылған көпшілікке Намаз үйренейік кітапшасы тугін таратылды. Сол күнгі құран жарысқа маслихат  хатшысы қатысып жарыста үздік алған азаматқа сыйлық табыс етілді.
Бүгінгі құран жарысын пайдалана отырып бас имам А.Абдукамал жағдайы төмен жеті отбасыға 1 қап ұннан көмек көрсетті. Сонымен қатар Шымкент медресесінің шәкірті Шәмсулин Қуаныш орталық «ысқақ» мешітінде 3 ай дәріс берген осы ұстазға 1 жылдық оқу ақысын толеп құрмет көрсетті.
Арыс қаласының бас имамы А.Абдулкамал


Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Алла разы болсын.

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*