Тәуелсіздікті нығайтуда діннің рөлі жоғары - Жарас Ермекбаев

Кавказ бен Орталық Азия елдерінің халқы негізінен  ислам дінін тұтынады. Бұл олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуда маңызды рөл атқарады. Оны тарихшы Жарас Ермекбаев бүгін Алматыда 25 тамызда өткен «Кавказ және Орталық Азия тәуелсіздіктен  20 жылдан кейін: «Оңтүстік» түсінігін қайта ойлау» деп аталатын халықаралық конференция кезінде айтты.»Кеңестік дәуірдегі қуғын-сүргін мен күштеп қоныс аудару кезінде Кавказдан балқар,  қарашай,  шешен сияқты  бірқатар халықтар  Қазақстанға  табан тіреді. Ділі, тілі бөлек өзге ұлыс өкілдерімен  өзара қарым-қатынаста ислам діні үлкен рөл атқарды. Сондықтан олардың көпшілігі әлі күнге дейін   Қазақстаннан ешқайда табан аудармай, өз тіршілігін одан ары жалғастыруда», - дейді Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану инстиутының қызметкері, тарих ғылымының докторы Жарас Ермекбаев. Оның пайымдауынша, кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында діннің рөлі өте зор. Жаһандану дәуірінде адамдар бір-біріне  дін арқылы жақындасады. Әрине, оның өзіндік қауіп-қатерлері де бар. Өмір онсыз болмайды. Жалпы дін жолын берік ұстанатын  адамдар ешқашан лаңкестік пен бөлінушілікке жол бермейді. Сондықтан оны дінмен байланыстыруға болмайды. АЛМАТЫ. ҚазАқпарат.



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*