«Бiз дiни экстремизмге қарсымыз!»

Кентау қаласында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерi мен мектеп оқушылары «Бiз дiни экстремизмге қарсымыз!» деп ұрандатып қала көшелерiнде шеру ұйымдастырды.

«Кентау жастары дiни экстремизмге қарсы» атты акцияға жиналған жастар «Ынтымақ» алаңында бас қосты. Қала әкiмiнiң орынбасары Б.Әлиманов, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы М.Абдуллаев, шаһардың бас имамы И.Панов бастаған азаматтар ел iшiнде iрiткi салатын кереғар жат ағымдардан аулақ болуға үндеп, бабалар дәстүрiн жалғастыруға шақырды.

Патриоттық әндер шырқалған шарада спирттiк iшiмдiктер мен темекi сынды зиянды заттардың зардаптарын бейнелейтiн қойылымдар көрсетiлдi. Қалалық iшкi саясат бөлiмi ұйымдастырған акцияға үш мыңға жуық жас қатысты. «Оңтүстік Қазақстан» газеті.



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*