Сауд Арабиясы қазақстандықтарға қажылық кезіндегі санитарлық-медициналық нормаларды еске салады - ҚР Дін істері агенттігі

Ағымдағы жылдың қараша айында қасиетті Мекке қаласында мұсылман күнтізбесіндегі Зұл-хиджа айының тууымен қажылық басталады, деп хабарлады ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Сауд Арабиясының Астанадағы елшілігі ҚР Дін істері агенттігіне қажылық сапарын өтейтін қазақстандықтарға, олардың келуін ұйымдастыратын туристік комппанияларға мына санитарлық-медициналық талаптарды қатеріне салу жөнінде өтініш білдірді.

Сауд Арабиясы Корольдігіне басқа елдерден келетін барлық жамағат эпидемиялық аурулар туралы халықаралық ережелерге бағынулары тиіс. Қажылық сапармен келетін елдерде эпидемиялық аурулар пайда болған жағдайда Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтаса отырып, шұғыл шаралар алуға және халықаралық нормаларға сәйкес қажылыққа келушілерге медициналық шарт қоюға  құқылы.

Әрбір қажылыққа келуші эпидемиялық меннингитке қарсы егілуден өткені, егілу Сауда Арабиясы Корольдігіне келуден 10 күн бұрын, бірақ 3 жылдан көп емес екендігін қуаттайтын анықтама ұсынуы тиіс. Қажылыққа келген 15 жастан кіші балалардан Сауда Арабиясы Корольдігіне келуге дейін 6 апта бұрын полиомелитке қарсы егуден өткені жөнінде анықтама талап етіледі. Бұдан басқа Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі қажылыққа  келушілерден маусымдық тұмауға қарсы егілуден өтуі тиіс екендігін талап етеді. Әсіресе бұл егде адамдар, созылмалы демікпе, қант диабеті, бүйрек, бауыр және жүрек сырқатына ұшырағандар үшін аса қажет. Келушілерді оңай тексеруге болатын қалбырланған және оралған тағамдардан басқа азық-түлік әкелуге тыйым салынады.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мен Сауд Арабиясының қажылық істері жөніндегі министрлігі арасында осы жылғы сәуірде Жидда қаласында қол қойылған қажылық етуді ұйымдастыру туралы хаттама негізінде Мекке және Медина қалаларындағы қасиетті орындарға қажылық ғұрыптарын өткізгісі келетін қазақстандық мұсілмандар 4 мың адам болуы тиіс. Егер қажылыққа тілек білдірушілер саны өскен жағдайда қазақстандық  тарап оның санын жылына 10 мың адамға дейін көбейте алады. Бұл мүмкіндік Ислам ынтымақтастық ұйымы қатысушы елдерінің 1987 жылғы «Қажылыққа барушыларды елдің бір миллион адамына - бір мың адам есебімен шектеу туралы» шешімінде бекітілген. Ислам ынтымақтастық ұйымының мәліметі бойынша Қазақстан Республикасында мұсылмандар саны 10 млн. адамнан асады.

Қажылық - Исламның бес парызының бірі. Көптеген адамдар өмірінде бір-ақ рет қажылыққа барады, бұл осы оқиғаға алдын ала тыңғылықты дайындалудың маңызын көрсетеді. Ол үшін қажетті қаражат жинау, көп күш-жігер жұмсаумен қатар, ең бастысы - рухани жағынан кемелденуді білдіреді. АСТАНА.  3 қазан. ҚазАқпарат.

Ілмектер: , , , , , , ,


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*