ХАТ ҚОРЖЫН: - «Ұлт тәрбиесі ұяттылыққа тәрбиелеуден басталады»

Қазір газет, журнал және теледидар беттерін қарайтын болсақ 60%-70%  көзге түсетін және жиі қайталанып тұратын нәрсе «жалаңаш әйел денесі» және «эротикалық» бейне кадрлар болды. Ия, шыныменде қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ең көп айтылып және көрсетіліп жатқан нәрсе осы болды. Осылайша үгіттеліп жатқанның екі негізгі себебі бар, біріншісі, біреулер ұйятсыздықты насихаттай (үгіттей) отырып үлкен табыстар табады. Екінші себебі, тікелей ұлтты, ұрпақты құрту. Түсінікті болу үшін екі себепті жеке жеке қарастырып көрейік.

 Ұятсыздықты насихаттап табыс табу бизнесі өз бастауын Еуропадан тауып, кейін КСРО ыдырай бастағаннан кейін, яғни 89-90 жылдары Қазақ жеріне де келіп жетті. Осы жол арқылы табыс табатындар, еш ұялмастан табыстарын одан әрі өсіру үшін қоғамның бүкіл жерінде ашық түрде ұйятсыздықты насихаттап жұмыстарын жүргізді. Олар алғашқыда сурет, фото арқылы жалаңаш бейнелерді көрсетіп, кейінен кино, жарнама, мультфилимдерге араластырды. Олар бұнымен тоқтаған жоқ, адамның психологиясын жақсы білген олар, ендігі қоғамда тұтынылатын әр заттың сатылуын тездету үшін, ол заттарға әйел мен еркектің жалаңаш бейнелерін жабыстырып, сатқыза бастады. Қазіргі уақытта сатылатын сағыздан бастап, пәтердің жарнамасына дейін жалаңаш әйелдің бейнесі бар. Ал енді бұл қаншалықта адам психологиясына теріс әсерін тигізетінде, олардың еш шаруасы жоқ. Өйткені табыстар олар үшін маңыздырақ. Осыдан келіп сұрақтар туындайды, бұл ұйятсыздық бизнесін тоқтату мүмкін бе? Бұнымен қалай күресу керек? Бұдан шығар жол бар ма?

Әрине бұдан шығар жол бар және құтылса болады. Алдымен ұйятсыздықтың зияның, қауіпін білу, кейін жүрген жерде, жұмыста, үйде, көшеде айта жүру, адамдардың саналарын ояту. Яғни бастық өз деңгейінде, мұғалім өз деңгейінде, врач өз деңгейінде, ата ана өз балаларына айта жүру керек. Кейін қоғамның бүкіл саласындағы ұйятсыздық арқылы жасалатын бизнестің барлық түріне тосқауыл қою керек. Мысалы: «Наша Казаша» бағдарламасын жабу.

Қоғамда ұйятсыздықтың тарауының екінші себебін қарастырып өтейік. Ұлтты, ұрпақты құрту үшін алдымен оны бұзу керек. Ал бұзудың ең тез жолы, ұйятсыздықты, некесіз жүріс тұрыстарды кең жаю. Бұл теорияның атасы  еврей ғалымы Фрейд болып табылады. Осы теория негізінде ұлтты және оның ұрпағын құрту үшін ұйятсыздықты, некесіз жүріс тұрыстарға жол ашылса болды, ары қарай ол ұлт өз өзін жок кылып жібереді. Қалайша дейсіздер ғой, алдымен ұйяты жоғалған қоғамда адамдар арасында жеңіл жүріс тұрыстар (некесіз қатынастар) көбейеді, бұл жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулардың көбейюіне алып келеді. Одан кейін ол аурулар ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Сонымен қатар адамдардың әдеп жүріс тұрыстары бұзылады. Отбасы, әке бала, ата әже дегенге құрмет жоғалады. Бара бара адамдар хайуандық дәрежеге жетеді. Осылайша ұлт ұрпақ жоғалады. Бұдан шығар жол жалғыз ғана, ол имандылық жолы. Ұлтты, ұрпақты тәрбиелеудің басында имандылық тұру керек. Имандылықпен тәрбиеленген адам баласының санасында ең алдымен «ұят» тұрады. Бұған дәлел ретінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) айтқан хадисі: «Ұят иманнан» деген. Ұйяты көп болған қоғамда «Наша Казаша» т.б осыған ұқсас телебағдарламалары, жалаңаш әйелдердің суреттері бар газет, журналдары, денесін сататын жезөкше қыздары болмайды.

Сондықтан, келіңіздер ұлт боп, ел болып ұлтымызды, имандылығы-мызды бұзатын нәрселерге тоқауыл қояйық, күресейік! Бастық өз деңгейінде, мұғалім өз деңгейінде, дәрігер өз деңгейінде күресуі керек. Ата ана да балаларын ұятсыздықтан қорғау үшін күресуі міндет!

Орынтайұлы Қанат. Астана қаласы.



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*