Құрбан айттағы құпты іс

Мұсылман – Алла тағалаға толықтай мойынсұнған жан. Сондықтан да Раббысына жасайтын ғибадатын өз ойынша емес, Алланың белгілеген ережелері негізінде жасайды. Бұл жайлы Құран Кәрімде: “Кімде-кім Алланың нышандарын (белгілерін) ұлықтаған болса күдіксіз бұл жүректегі тақуалықтан”, деп айтылады (“Хаж” сүресі, 32-аят). Сондықтан да Алла тағала мән берген нәрсеге біздің де көңіл бөлуіміз өте маңызды. Еліміздегі кез-келеген мереке халықтың қуанышы мен мұң-мұқтажын шешуге әсер ететіні белігілі. Бірі ағайынның арасындағы құанышқа жалғасып жатса, екінші бірі сол мерекені пайдаланып сауда –саттықпен айналысып өзінің мұқтажын шешіп жатады.  Ал Ислам дініндегі Ораза айт пен Құрбан айт мерекелеріне ешбір нарықтық қиышылық кедергі бола алмасына көз жеткізуге болады. Абдуллаһ ибн Амр ибнул-Астың (р.а.) айтуынша, бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Құрбан (айт) күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла тұтас үмбет үшін мереке қылды”, – деді. Аллаға деген сенімінің арқасында  Ораза айтындағы пітір садақа мен Құрбан айт кезінде шалынған малдың етінен мұқтаж жандарға үлестіріліп беріледі. Беруші де, алушы да Алланың сауабында. Алла тағала былай дейді: “Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!” (“Хаж” сүресі, 27-28-аяттар).

Бұрынғы кезге қарағанда, бүгінгі күні діни құндылықтарымызды насихаттауға, құрбандық шалу дәстүрімізді жандандыруға, қоғамда қайырымдылық шараларының көптеп ұйымдастырылуына анағұрлым көбірек мұқтажбыз. Еліміздің тыныштығы, ауыз-бірлігі үшін дұға-тілекте болып отыратын облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті мен жанындағы медресенің ғимаратын толық күрделі жөндеуден өткізіп, жанынан құрбандық малын шалатын қосалқы ғимаратты заманауи үлгіде тұрғызып берген облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы халықпен Алланың алдындағы сауапты бөлісіп, айт намазынан кейін өзі бастап ірі қараны құрбандыққа шалды.  Құрбандыққа жиналған халық құрбандыққа шалған малдың етін дініміздің жолымен көрсетілген үлестерін мешітке қалдырып отырды. Жиналған құрбандық еттерін 200-ден аса  мұқтаж жандарға және Облыстық №1, №2 қарттар үйі,  «Қанағат» мүгедектер ұйымы», «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлесітігі, «Қазақ соқырлар қоғамы» Жамбыл облыстық филиалы, «Мүгедектерді оңалту және әлеуметтік бағытта бейімдеге арналған » Жамбыл облыстық филиалы, «Ақыл-есі кем балалар интернаты»,  «Қазақ соқырлар қоғамының оқу өндірістіік мекемесі» сияқты мекемелерге үлестірілді. Мақсатымыз құрбандыққа шалынған малдардың еттерін тарату арқылы бүкіл адамзаттың жүрегінде асыл дініміз исламға деген жылылық сезімін ояту еді. Жеке адам тұрғысынан ғана емес, отбасылық, әлеуметтік, экономикалық, тіпті бұл дүние мен о дүниенің игілігіне бөлену тұрғысынан құрбандық шалу ислам дініндегі міндет екенін мұсылмандардың сана-сезіміне мықтап орнықтырып, Құрбандық шалудың мұсылмандық міндет екенінен бейхабар жандарға ұқтыру болды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі.



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*