Қазығұрт ауданы: Қараша айындағы Ұлық Құрбан айт мерекесінің қуанышы

Құрбан айт мереке қарсаңында аудан орталығындағы бір топ кәсіпкерлердің демеушілігімен аудан  көлеміндегі мұхтаж отбасыларда ескеріліп, аудан бойынша Аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітінің ұйымдастыруымен 25-  отбасыға азық түлік ретінде олар: әр отбасыға- ұн(1 қап), май(5 литр),қант(5кг),картоп(25 кг),пияз(25), кәмпиттер(5кг), күріш(10 кг),вермишель(10кг), сабын(2 дана), порошок(2 дана) таратылды . Бұл игі істің басында ауданымыздың бас имамы Полатов Еркін Тұрғынұлы тиісті мұқтаж отбасыларға үлестірді..

Сонымен қатар 3 қара мал және 1 қой мешітте құрбандық етіліп, 50 отбасыға мешітте таратылып, 25 отбасыға бас имам өзі басқарып мұхтаж отбасылар соның ішінде мүгедек жандардың үй-үйді аралап таратып шықты.

Әсілінде садақаны оң қолыңмен берсең сол қолың білмейтіндей жасасаң хайырлы болады дегендей мұхтаж отбасыларға қол ұшын берген азаматтар атын атап айтуды жөн санамады.  Әрине айтарымыз бұл игі іске үлесін қосып жанашырлық танытқан азаматтарымызға Алла разы болсын, істерінде береке, отбасыларында амандық, дендері сау болсын.

Құрбан айт мерекесі күндері аудан орталығындағы бір топ кәсіпкерлердің демеушілігімен аудан  көлеміндегі мұхтаж отбасыларда ескеріліп, 200-ге жуық отбасыға азық түлік 1 қап ұн және 5 литрлік зығыр май  таратылды.. Жалпы Ауданымызда 13 ауыл округі болса , барлық окрукке бөлінді..

Бұл Құрбан айт мерекесіндегі құрбандық шалу жұмыстары Жаңа-базар ауылындағы «Қазығұрт» мешітінің имамы Зайдуллаев Хайрулла  , Шарапхана ауылындағы «Қошқар ата» мешітінің имамы Есболов Бағлан, Тұрбат ауылында «Смайыл ата» мешітінің имамы Қошанов Бақтияр жақсы ұйымдастыра білді.



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*