Қазығұрт ауданы: Аудан басшысы аудандық орталық мешітте

Құрбан айт қарсаңында Аудан әкімі Әлиев Тұманбек Сүйінбайұлы Аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітіндегі игі істердің игіліктерін көру және аудандық мешіттің тыныс тіршілігімен танысу үшін арнай келді.  Аудан басшымыз бен бірге әкім орынбасары Момынов Мұхтар Момынұлы, ішкі саясат бөлім бастығы Л.Әбдіқұлова, бас маманы Б Жамалбеков, ауыл әкімі Жанай Қалдықараев, мешіт тарапынан мешіт ақсақалдары С.Салғараев, С.Қоржынбаев, С.Оспанов, О.Мусақұлов, Н.Қалбыровтар келген қонақтарды күтіп алды. Аудан әкімі бірінші мешітке кіріп Құран оқытып өткен ата бабабаларға дұға жасап, жаңадан салынған (8 әжетхана-2 ғұсылханасы бар) 16 адамдық дәрет алатын орынды, 200 адамға арналған мешітте халықтардың діни рәсімдерімен, діни мерекелер және құдай тамақ жасайтын орындарын көріп, ризашылығын ішінде сақтап қала алмай бұған басшылық етіп отырған аудан имамы Еркін Тұрғынұлына мешіт ақсақалдарына ризалық лебізін білдірді. Алдағы уақытта барлық діни рәсімдерді мешіт аумағында өткізуді қолға алу керектігінде жасырмады. Сонымен қатар мешіт ауласына әдемі көрікті заман талабына сай төсеніштері де мешітке көрік беріп тұрғанын айтып өтті. Аудан әкімі аудандық орталық мешіт жанынан салынған «Діни сауат ашу» ғимаратының ішіндегі өзгерістерді тағыда көріп, сабақ оқитын бөлмедегі парталар, кітапхана, неке және құран оқу, имам және орынбасарлар бөлмесін көріп қатты қуанды. Соң аудан басшымыз аудан имамының қабылдау бөлмесінде аудан имамының қабылдауында болды.  Аудан басшымыз және аудан имамы аудандағы діни ахуалға байланысты кеңінен әңгіме етілді. Аудандағы діни ахуалды жақсарту мақсатындағы жоспарлар, діни кадрларды дайындау мәселесі, діни экстремиз және терроризмді алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі және аудандағы мұхтаж отбасылардың жағдай да шет қалмай оларға барынша қолдан келгенше қолдау ,қол ұшын беріп, қайрымдылық шараларын әсіресе мерекелі күндерімен оның қарсаңында болу керектігі сөзге тиек етілді. Аудан басшымыз ауданымыздағы діни ахуал тұрақты дегенмен алда атқаратын шаруа көп. Жастарға имандылық тәрбиесіне аса мән беріп , олармен тұрақты кездесіп түсіндіріп отыру керектігі де айтылды.

  Алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесі келе жатыр соны да өз денгейінде мерекелік лебізбен қарсы алу керектігі жайлы пікірлер айтылды.

Жанында отырып біз  аудан әкімі және аудан имамы арасындағы жақсы қарым қатынас бір-біріне деген құрмет,ізет жасап ыстық сұхбаттарына риза болып, қуаныш ұзағынан сүйіндірсін деп Жаратушы Иемізге дұға жасап отырдық Өйткені аудандағы әлеуеттік жағдайды жақсартатын, оған басшылық ететін  әкім болса , ал діни ахуалды жақсартып елді имандылық тәрбиелейтін имам. әсілінде аудан басшымыз  келгеніне 2 жыл болды. Санаулы жылдардың ішінде ауданымыздағы көптеген игі істерге басшылық етуде. Аудандағы діни ахуалға да аса зейін көңілмен, имандылыққа шақыру мақсатындағы мерекелердің өтуіне, аудандағы кітапханалардағы Имандылық бұрышын ашуға, мұхтаж жандарға қол ұшын беруге, мешіттердің құжаттандыру мәселелеріне аса мән беріп келеді

 Аудан имамы құран оқып  мешіт ақсақалдары баталарын беріп, аудан басшымызды шығарып салды.



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*