Қазығұрт ауданы: Білімді жастар Қазақстанның жарқын болашағы

Аллаға шүкір Қазақстан еліміз тәуелсіз мемлекет болғанымзға да биыл 20 жыл толып отыр. Алла құтты етсін. Әрбір мұсылман өз Отанына  қай салада болмасын қызмет жасау керек. Өйткені Пайғамбарымыз С.Ғ.У хадисінде «Отанды сүю ол да Иманнан» деген. Осы тұста әрине ауылдағы мешіттеріміз, діни қызметкерлеріміз мешітке келуші және халықтарды имандылыққа , ізгілікке . тағыда басқа әдепті істерге баули отырып Отанымыз Қазақстанның болашағы үшін қызмет жасап келеді. Мешіттерімізде жыл санап емес күн санап жамағатымыз қатары көбейіп, Мешіт имамдарыныңда халықтың алдында атқаратын жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарауды ҚМДБ қатаң бақылауға алып келеді. Өйткені Дін нәзік оны өте жұмсақ жеңіл түрде жеткізу керек. Дінді қатаң, қоқыту , үркіту түрлерімен жеткізуге болмайды. Ислам діні Бейбітшілік Ынтымақ Татулық діні. Тек жақсылыққа шақырады . Осындай үлкен шаруаларды күн түн демей ауданымыздағы ауыл елді мекен  имам молдаларымыз барынша қызмет жасай отырып, білімдерімен біліктіліктерін арттыру мақсатында барынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді. ҚМДБ  мешіт имамдарының білімін жетілдіру мақсатында мол жұмыстар атқаруда және осы мақсатта  мешіт имамдарына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты қадағалауда. Әрине бұл тапсырмалар орындалуымен жақсы жемісін беріп  келеді. Біз мешіт қызметкерлерін Алматы қаласында «Ислам институтына», Шымкент қаласында ашылған «Имам молдалар» ды білімін жетілдіру курстарында жылда имам молдаларды жіберіп оқытып жатырмыз. Және аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітінде де діни семинарлар өтіп тұрады. Болашақ жас діни кадрларымызды дайындайтын Республика бойынша бір қатар  облыстарда медреселер  ашылған. Соның ішінде ОҚО  «Шымкент медресесі» 2007 жылы арнайы ҚМДБ төрағасы Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіретіміз ашқан болатын. 2007 жыл алғаш ашылған уақытта біздің ауданнан талапкерлерде болды. Медреседе оқу , жататын орын барлығы да тегін, тек бір жылда жеген нанына ған төленеді, бұл шәкірттің білімге деген жауапкершілігін арттыру мақсатында ғана. 2010 жылы алғашқы түлегіміз Маматуллаев Нурлан Жүсіп ұлы Медресені жақсы бітіріп , «Молалы» мешітінде елімізге, дінімізге қызмет жасап ел алғысына бөленіп, қазіргі таңда. Еліміздің басқа облысында дінге қызмет жасауда.

      Биылғы жылы 2011 жылы ауданымыздағы Қазығұрт ауылынан Арыстанбеков Ербол деген азамат өте жақсы деген «Қызыл дипломмен» бітіріп ауданымыздың орталық мешітінде ұстаздық етуде. Қызыл дипломды арнайы ҚМДБ –ның төрағасы, бас мүфти ,Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет өз  қолымен табыстады. Қазіргі таңда 7 бала Шымкент медресесінде дәріс алуда және алдағы уақытта жас дін мамандарын ауданымызда имам қажет болып отырған ауыл мешіттеріне жіберуді жоспарлап отырмыз.- дейді өз сөзінде ауданымыздың бас имамы Е.Полатов.

Қазығұрт ауданы бойынша орталық мешіті 

Имам орынбасары Махмуд Каримов



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*