Жамбыл облысының молдалары сауат ашу курстарынан өтуде

Жамбыл облысының түкпір-түкпірінен жиналған 30 молда екі ай бойы сауат ашу курсынан өтті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.Бүгінде Діни басқарманың жер-жердегі имам-молдалары өздерінің уағыздарымен ислам діні адам жүрегіне дұрыс білім арқылы ғана жол табатындығын дәлелдеуде. Бұл орайда, ауыл имамдарының да білімдерін жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Жұмабековтың бастамасымен, облыстың алыс-жақын жерлерінен 30 молда Тараздың «Һибатулла Тарази» медресесіне шақырылып, оларға 2 айлық сауат ашу курсы өткізілді.

Хабарланғандай, иманды да салауаты ұрпақтың өсіп жетілуі жолында еңбек етіп жатқан дін мамандары екі ай бойы тек оқумен шұғылданды. Ал олардың үш мезгілдік тамағын иманды кәсіпкер азаматтар қамтамасыз еткен. Алдағы уақытта аудан, ауыл молдаларына арналған қысқа мерзімді сауат ашу курстарын жиі өткізіп тұру жоспарланып отыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*