Шардара ауданы; орталық мешіт игі іс - шаралары

ҚМДБ - ның төрағасы, Бас  муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің тапсырмасын негізге ала отырып, ҚМДБ - ның ОҚО бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт қажы  Әліпбекұлының 2011 жылдың 21 наурызда  жолдаған тапсырма хатына  орай,  Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имам кабинеті, қазіргі заман талабына сай етіп, стенка, диван, жиһаз офистік үстелдермен жабдықталып, имам кабинеті, сауат ашу бөлмесі, есепші, қарауыл бөлмесінің   терезелері пластик терезелермен демеуші есебінен 533500 теңгеге ауыстырылды.  Мешіттің  сыртқы 14 терезелері де Мырзабаев Руслан деген азаматтың ұйымдастыруымен бір топ кәсіпкерлер  демеушілігі есебінен 1200000 теңгеге қазіргі уақыт талабына сай  пластик терезелерге  ауыстырылды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров



Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*