Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша өкiл имамы Бейбiт Мырзагелдиев арнайы номинация бойынша «Жылдың ең үздiк имамы» атанды. Мұндай атақ елiмiздiң Бас мүфтиiнiң ұсынысымен биыл алғаш рет тағайындалып отыр. Бұл алдағы кезеңдерде дiни қызметкерлердi жақсы жұмыс нәтижесiн көрсетуге ынталандыруы тиiс. Облыс имамының «Жыл үздiгi» атануы Оңтүстiктiң абырой-беделiн тағы бiр байқатты.
— Қазақстанның дiни басшылығына Әбсаттар қажы Дербiсәлi келгелi көп жағдай оң бағытқа қарай өзгердi, —дейдi облыстың бас имамы. — Республикадағы мешiттер саны 63-тен 2400-ге өстi. Осылайша дiн мен дәстүрiмiздi жаңғырту жолында үлкен қадам жасалды. Облысымызда бүгiнде 849 мешiт халықтың рухани сұранысын өтеп жатыр. Жыл басында «kattani.kz» дiни-танымдық сайтын аштық.
Соның нәтижесiнде облыста аудан имамдарын ғаламтор желiсiне қосуға мүмкiндiк туды. Бас имамның айтуына қарағанда, алдағы уақытта Шымкент медресесiнiң жанынан имамдардың бiлiмiн жетiлдiру орталығы ашылмақ.. Онда 700-дей имамды қайта оқытып шығаруға болады.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ. Оңтүстік Қазақстан.№200, 29 желтоқсан, 2011 жыл.
19 Сәуір, 2012 | 10:08
Алла тағала ісіңізге береке берсін. Исламды насихаттаудағы жұмысыңыз алға баса берсін.
17 Ақпан, 2012 | 17:40
Еңбегіңіз еленіп, қошеметке бөленіпсіз! Құтты болсын! Ауылдарда насихатты жандандыруды қолға алсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.
11 Ақпан, 2012 | 12:10
Бәке үлкен жауапты қызметте абыройлы еңбек етуіңізді нәсіп етсін!
Азғана ұсыныс http://www.umma.ru сайтындағы кең мүмкіндіктерді осы сайтқа пайдалансаңыздар. Және әр жұма уағыздарын сайтқа енгізіп тұрсаңыз.
Зор сеніммен Астанадағы бауырыңыз Еркін.
24 Қаңтар, 2012 | 16:33
Құтты болсын! Алған асулар мен шыққан белестер көп болсын, әрдайым биіктерден көріне беруіңе тілектеспін!
17 Қаңтар, 2012 | 19:43
КҰТТЫ БОЛСЫН БЕКЕ!
13 Қаңтар, 2012 | 19:45
Машаллаһ! Аллаһ екі дүниеде де жүзіңізді жарық қылсын иншаллаһ!
13 Қаңтар, 2012 | 11:39
Елімізге, халқымызға еңбегіңіз сіңе берсін. Үлкен жауапкершілік, Алла жәрдемшіңіз болсын. Әр дайым биіктерден көрініңіз
13 Қаңтар, 2012 | 11:31
Бәке құтты болсын! Алла жолындағы қызметіңіз арта берсін!
13 Қаңтар, 2012 | 11:09
Құтты болсын! Аллаһ Тағала іліміңізді арттырып, екі дүниеде дәрежеңізді көтерсін иншАллаһ!
2 Қаңтар, 2012 | 14:43
Еліміздің діни ахуалын көтеру үшін елге адал қызмет атқара беріңіз (Әмин)
30 Желтоқсан, 2011 | 19:02
Аллаһ разы болсын! Болашақта да облысымызда діни ахуалды жақсартудағы өз үлесіңіз бен еңбегіңізді қоса беріңіз аға!
30 Желтоқсан, 2011 | 13:00
Құтты болсын, беделіңіз асқақтай берсін