Мақтарал ауданы: Өкіл имам Мақтарал ауданында

Өткен жұма күні Қазақстан мұсылмындары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Мақтарал аудандық, орталық «Өткелбай» мешітінде болды. Сапар барысында өкіл имам мешітіміздің тыныс-тіршілігімен және ауданымыздағы діни ахуалмен танысып, өзінің тиісті бағасымен арнайы тапсырмаларын берді. Күн жұма болғандықтан жұма намазын өтеуге жиналған жамағат алдына шығып «Ынтымақ-бірлік» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Имам өз сөзінде соңғы кездері елімізде орын алып жатқан түрлі келеңсіз жәйттермен мұсылман жамағаты арсында болып жатқан бөлінушіліктерді тілге тиек ете отырып, аят-хадистерден, пайғамбарымыздың (с.ғ.у) және саңлақ сахабалардың өмір тарихынан нақты мысалдар келтіре отырып, жамағатты ынтымақ бірлікке шақырды.

Жұма намазын өтеп болған соң Құрбан ата елдімекеніндегі, өткен жылдың соңында ғана ашылған «Құрбан ата» ауылдық мешіті мен Асықата мешттерін аралады. Өкіл имамның келетіндігін естіген жаңа мешіттің жамағаты жұма намазынан соң тарап кетпестен имаммен сыр-сұхбат жүргізді. Өкіл имам Б. Мырзагелдиев жамағатты жаңа ашылған мешітпен құттықтап дініміздегі мешіттің алар орнымен қадір қасиеттері жайлы уағыз насихат айтты. Сонан соң Асықата мешітіне барып, өңірдің жаңадан тағайындалған имамы Кенжебеков Қанатбектің жұмыстарымен танысты. Жалпы өкіл имам аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға өзінің оң бағасын берді.

Нұрматов Абдурахман, Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің наиб имамы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


− 2 = 0