Шардара ауданы: Өкіл имам Шардара ауданында өткен «Қош келдің мәуліт» рухани мерекелік кешке қатысты

Ақпан айының 16 - шы жұлдызында «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Шардара қаласы «Абай» мәдениет сарайында «Қош келдің мәуліт» атты рухани мерекелік кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев арнайы іс - сапармен келіп қатысты. Сапардың басын аудан әкімшілігіне бұрып, аудан әкімі Мараим Марғұлан Зұлқарнайұлын зиярат етіп, Шардара ауданы бойынша жүргізіліп жатқан ішкі саясат және дін саласы сонымен қатар Алла үйіне көрсетіп жатқан  қайырымдылықтарына разылығын білдіріп, сосын тұлпардың басын «Абай» мәдениет сарайына бұрды.

Мерекелік кешті жүргізуші Бекзат Сәкенұлы Алла тағаланың қасиетті кәламы Құран Кәрімді оқу үшін ортаға  Мақтарал ауданы «Өткелбай» мешітінің ұстазы Үмітжан қариды шақырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Мәуліт мерекесіне жиналған барша жамағатты қасиетті мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) - ның әсерлі балдай тәтті жүрекке қонымды ғибратқа толы өнегелі  өміріне тоқталып өтті.

Сөз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан, аудандық мәслихат хатшысы Бердібеков Тоқсанбай залдағы көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтап, бүгінгі рухани кешке арнайы келген өкіл имам Бейбіт қажы Мырзагелдиевке және көршілес Сарыағаш, Арыс, Мақтарал аудан имамдарына  алғысын білдірді. Осы кешке жиналған жамағатқа аудандық қажылар қауымдастығының төрағасы Өзденбаев Дәулет қажының демеушілігімен 300 дана қасиетті Құран Кәрім, 180 дана әр - тұрлі діни кітаптар таратылды. Аудандық мәслихат депутаты СПК Хамит балық зауытының төрағасы Серманизов Бақытжан, Шардара мейрамханасының төрағасы Дауылбаев Мұхтар тағы да басқа бір топ кәсіпкерлер Алла тағала разылығы үшін демеушілік жасады.  Мәуліт рухани  мерекелік кешке Шымкент қаласынан арнайы шақырумен келген «Асыл мұра» өнер орталығының бір топ жастары өнер көрсетті.

Мәуліт мерекесінің  соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің алғыс хатымен жергілікті «Өскен - өңір», «Шартарап - Шарайна» газетінің  редакторлары және «Асыл мұра» өнер орталығын бастап келген Абзал мырзаға сонымен қатар бір топ кәсіпкерлерге аудан имамы Асылхан Данияров өз атынан алғыс хаттарын табыс етті. Бүгінгі «Абай» мәдениет сарайында өткен  «Қош келдің мәуліт» атты рухани мерекелік кешке жиналған қауым, кеш соңында ұйымдастырушы алқаға ризашылықтарын білдіріп шығып жатты.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


4 + = 6