Өкіл имам Қазығұрт ауданындаға іс сапарында аудандағы игі іс-шаралармен танысты

Әр бір игі іс - садақа

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Мырзагельдиев Бейбіт қажы Әліпбекұлы  Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітіндегі игі істердің игіліктерін көру және аудандық мешіттің тыныс тіршілігімен танысу үшін арнай келді.  Өкіл имаммен бірге өкіл имам орынбасары Орын Ербосын және Шымкент қаласы бойынша бас имамы Әділбай Тойшиев болды. Келген  қонақтарды аудан имамы Е.Полатов күтіп алды. Өкіл имам бірінші мешітке кіріп намаз оқумен  бастап, орталық мешіт жанынан салынған жаңа ғимараттарды  танысумен жалғасты.

Баршамызға белігілі болғандай Еліміз Тәуелсіздігін алғалы 20 жыл аралығында көптеген игілікті жұмыстар атқарылуда. Ең бірінші кезекте елімізде  асыл Ислам дініміз өркендеп келеді. Халқымыз имандылыққа бет бұрып, жер жердегі ескі мешіттеріміз жаңарып, сонымен қатар жаңа мешіттерімізде көптеп бой көтеріп келуде. Жаратушы Иемізге шүкіршілігімізді білдіреміз. Елбасымызға, Дінбасымызға Алла қуат берсін. Елімізді өркендету, көркейту жолындағы игі істеріне, Асыл Ислам дінімізге қызмет жасап жатқан барша азаматтарға екі дүние жақсылығын Аллаһ Тағала нәсіп етсін дегіміз келеді.

  Аудандық мешіт 2009 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстарын атқарып келеді. 2009 жылы мешіт күрделі жөндеу жұмыстарын аяқталған сәтте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіретіміз мешіттің игілікті істерімен танысып, оң бағасын беріп кеткен болатын..

Баршамызға белгілі халық арасында өтетін күнделікті діни іс шаралармен. діни жоралғылар мешіт аумағында өткізілсе деген жақсы пікірлер, ұсыныстар айтылуда.Ауданымызда Тұрбат еліндегі «Смайыл ата» мешітінде, Қазығұрт ауылындағы «Молалы» мешітінде, Жаңа-базар ауылында «Қазығұрт» мешітінде, Ынталы елді мекенінде «Ынталы» мешітнде, Көкібел ауылында «Оқжүніс» мешіттерінде 100-200 орындық діни жиындар өтетін арнайы ғимараттары салынып халықтың игілігіне қызмет атқаруда.  Аудан халқына өткен 2011 жылы аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті  үлкен игі істер атқарды.  Ол мешіт жанынан 200 адамға арналған мешітте халықтардың діни рәсімдерімен, діни мерекелер және құдай тамақ жасайтын арнайы ғимараттың бой көтеруі . Бұл игі іс аудан, ауыл азаматтарының демеушілігімен атқарылды. Ең соңғы үлгідегі заманауи құрылыс материалдары пайдалынылды. Ғимарат 3 бөлмелі, үлкен зал, екі ас дайындайтын және ыдыс аяқтар сақтайтын бөлмелері бар.  Жиындарды суық кезде де жасауға болады. өйткені жылыту жүйесі орнатылған. Ғимарат толық аяқталып халықтың игіліне қызмет атқаруда.

  Тазалық иманның-жартысы

Асыл Ислам дініміз тазалыққа мән беретіндігін жақсы білеміз. Ислам дінімздегі бес парыздың бірі Намаз. Намаз оқу үшін парыз етілген амалдардың бірі ең бірінші кезекте тазаланамыз. Яғни  Дәрет аламыз.  Күнделікті 5 уақыт намазға және аптадағы қасиетті Жұма намазында жамағат саны артып келеді. Аллаға шүкір. Келген жамағат арасында жол сапаршы болуы мүмкін немесе басқада себептермен мешітте дәрет алады. Алайда дәретханамыз ескі болатын, яғни талапқа сай еместұғын.  

Дәретхана мәселесін реттеу үшін Өкіл имам Б.Мырзагельдиевтің басшылығымен, ауданымыздың бас имамы Е.Полатовтың ұйымдастыруымен жақсы ұйымдастырылып,  аудан орталығында мешіт жамағаты және кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен жаңадан бой көтерді. Жаңа дәретхана  16 орындық, 8 әжетхана, 2 ғұсыл алу бөлмесі бар. Жылыту жүйесі еден астынан жылытылады, канализация тартылған, әжетхана ішінде дәрет алатын ыдыс пайдалынылмай әр бөлмесінде арнайы тазаланатын құрылғылар орнатылған. Жалпы айтқанда заманауй су қубырлары  орнатылған. Сонымен қатар мешіт ауласына әдемі көрікті заман талабына сай төсеніштері де төселген

Осы игі істерді арнайы Өкіл имам аралап көріп , ризашылығын білдіріп, осы істерді ұйымдастырған, демеушілік жасаған барша азаматтарға Алланың разылығы болсын деп дұғасын жасап,  сол азаматтарға өкіл имам өз кезегінде ризалығын білдірді.

Ғимараттардың жылыту жүйелерін реттеп қадағалайтын, күндіз түні мешіттен ұзамайтын, жасының үлкендігіне қарамай дінге қызмет жасап жүрген Сайрамбаев Оңалбай атамызға Алла разы болсын.

Еліміздің-дініміздің жанашырлары

Өкіл имам Б.Мырзагельдиевтің  ауданымызға келген алдыңығы іс сапарында аудан басшымыз Т.Әлиевпен кездесіп діни ахуалды жақсарту мақсатында сұхбат жасап және    орталық мешіт жанынан салынған «Діни сауат ашу» ғимаратының ішіндегі өзгерістерді тағыда көріп, сабақ оқитын бөлмедегі парталар, кітапхана, неке және құран оқу, имам және орынбасарлар бөлмесін көріп қатты қуанған болатын . Сонымен іс сапар барысында аудандағы діни ахуалды жақсарту мақсатындағы  жоспарлар, діни кадрларды дайындау мәселесі, діни экстремиз және терроризмді алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі және аудандағы мұхтаж отбасылардың жағдай да шет қалмай оларға барынша қолдан келгенше қолдау ,қол ұшын беріп, қайрымдылық шараларын әсіресе мерекелі күндерімен оның қарсаңында ұйымдастыру керектігін және осы жаңадан бой көтерген ғимараттарға арнайы адам бөліп  таза ұстау мәселелерінде  сөзге тиек етілді..

Осы ретте аудан басшымыз Әлиев Тұманбек Сүйінбайұлы аудандық мешітке келіп, мешіт ахуалынан хабардар болып, мешіт төңірегіндегі шешілмей жатқан мәселерге оң ықпалын жасап келетіндігінде атап өткеніміз дұрыс-ақ . Өйткені аудан басшымыз санаулы жылдардың ішінде ауданымыздағы көптеген игі істерге басшылық етуде. Аудандағы діни ахуалға да аса зейін көңілмен, имандылыққа шақыру мақсатындағы мерекелердің өтуіне, аудандағы кітапханалардағы Имандылық бұрышын ашуға, мұхтаж жандарға қол ұшын беруге, мешіттердің құжаттандыру мәселелеріне аса мән беріп келеді.

Өкіл имам аудандағы іс сапар соңында аудандағы игі істерді ұйымдастырып, сол істердің басында жүрген ауданымыздың бас имамы Е.Полатовқа оң бағасын берді.

   Тәуелсіздігіміз баянды болып, елімізде жақсылықтар көп болсын,  жақсы ниеттеріміз іске асып, Елімізге, асыл Ислам дінімізге аянбай қызмет жасауды баршамызға нәсіп етіп. Еліміздің –дініміздің барлық жанашырларына Жаратушы Иеміз екі дүние жақсылығын нәсіп етсін.

 Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті

Аудан имам орынбасары  Махмуд Каримов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


7 − 5 =