Ташимов Мадибек: Құранға дұрыс көңіл бөлу мұсылманың парызы

Қасиетті Құран адамзат үшін ақ пен қараны айырушы, қараңғылықтардан нұрға шығарушы және екі дүние бақытына жетуге жол сілтер асыл кітап. Ендеше, осы Құранды көп оқу, аяттарын жаттау және өмірде Құранға амал етіп, аяттарына сәйкес өмір сүру мұсылманның әуелгі міндеттерінен. Ендігі кезекте осы Құран Кәрімнің маңыздылығына тоқталсақ:

  • Егер кімде-кім байлық, мал-мүлік, дүние - деп жүрегін жоғалтқан болса, ол білсін - Құран ілімін үйрену байлық, мал мүлік, дүниеден де өте қымбат болған сауаптарды еш қиналусыз көп мөлшерде жинаудың оңай жолы.
  • Егер кімде-кім тақуа, иманы кәміл болғанын қаласа - Құран оқысын. Өйткені Ардақты Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) бір сөзінде былай деген: «Құранды білуші адам періштелермен бірдей деп есептеледі». Ал періштелерге тақуалық, бойұсынушылық жағынан кім жете алады? Әрине Құранды оқушылар және білушілер ғана.
  • Егер кімде-кім осы өмірде әрдайым есесін 2 есе алатынына мақтанса, ол білсін - кім Құран оқуға қиналса оған 2 есе сауап.
  • Егер кімде-кімге көре алмаушылық дерті бойына сіңген болса және одан арыла алмаса, ол білсін - Ардақты Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Құранды оқушыны көре алмауға болады».
  • Егер кімде-кім атақ, абырой, биік дәрежеге құмар болса, ол білсін - Құран ғана адамға екі дүниеде де биік дәрежелерге жеткізеді.
  • Егер кімде-кім өзі үшін әрдайым жанын беруші дос, көмекші іздесе, ол білсін - Құран ол адам үшін Әлемдердің Раббысының алдында шапағат етуге дайын.
  • Егер кімде-кім биік, зәулім үйлер соғып, сонда тұруды армандаса, ол білсін - Құран оны Жәннатта жеті мыңға жуық дәрежеге көтереді.
  • Егер кімде-кім жақсы сауданы, аз еңбекпен көп пайда табуды қаласа, ол білсін -  Құранның әр әріпіне он сауап жазылады.
  • Егер кімде-кім тақ, тәжге ұмтылса, ол білсін - Құран өзін оқығанның ата-анасына күннен де жарық болған тәж береді.
  • Егер кімде-кім байланысым, ағайындарым, туыстарым көп. Солардың қызметінде болып, көмектесуді қалаймын десе, ол білсін - Құран өзін оқығанға тозақтық он адамды құтқаруға шапағат құқығын береді.
  • Көпшілік адамдар денсаулығын жақсарту үшін түрлі тәсілдер жасап жатады. Олар білсін - Құран мұсылмандар үшін шипа және барлық ауруға ем.
  • Егер адам өзінің сүйіктісі нені жақсы көретінін білсе - оны қуанту үшін, көңілін табу үшін барлық нәрсені істеп жатады. Ал, Әлемдердің Раббысы Құран оқыған адамды жасы көреді.
  • Күнделікті жұмыста және тағы да басқа тіршіліктерде адамдар жоғарыдағыларға жағу үшін түрлі әрекеттер жасайды. Ал, Раббымызға жағып, Құран оқу үшін күнделікті неше сағат бөлеміз?!
  • Егер кімде-кім өте әділ, тәртіпті және адамдармен таласудан алыс болған болса, ол  білсін - Қияметте Құранмен таласудан қорықсын. Өйткені Құран адамды қорғайды немесе қорлайды.
  • Егер кімде-кім мінезі көркем болғанын қаласа -  көп Құран оқысын.
  • Егер кімде-кім көп құлшылық еткісі келсе, күндіз-түні нәпіл құлшылықтармен болса, ол білсін - Құран оқу одан да артық құлшылық.
  • Егер кімде-кім өмірдің уайымы мен мұңынан шаршаса, ол білсін - шығар жол тек Құранға жүгіну.

Сөз соңына айтарым: ізгі халиф Осман (Аллаһ оған разы болсын) бір сөзінде былай деген: «Егер адамдардың жүректері кірден тазарса - ешқашан Құран оқуға тоймас еді».

Шымкент қ. «Халифа Омар» мешітінің молдасы

Ташимов Мадибек

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Намаз оқып жұрып кейде пенде болған соң қате стер немесе напсыны тиялмай қаламыз. не стеу керек

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


− 9 = 0