Бір минут ішінде:
- Фатиха сүресiн 5 мәрте қайталап оқи аласың әрi осы үшiн саған 7000 жақсылық жазылады.
- Ықылас сүресiн 15 мәрте оқи аласың. Яғни, Құранды бес рет оқып шыққандай сауап аласың.
- «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамд, уә һуа ъала кулли шайин қадир» дұғасын 20 мәрте қайталай аласың. Яғни Аллаһ жолында Исмаилдың сегiз ұлын босатқандай боласың.
- «Субханаллаһи уа бихамдиһ» дұғасын 100 мәрте айт аласың әрi күнделiктi күнәларың кешiрiледi.
- «Лә хаулә уа лә қууата иллә билләһ» дұғасын 40-тан аса қайталай аласың. Ал бұл жаннаттың байлықтарының бiрi.
- «Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың. Яғни Аллаһтан күнәларының кешiрiлуiн сұрау. Истиғфар айту – күнәлардың кешiрiлуiне, жәннатқа кiруге, қуатты болуға, бәленiң алдын алуға, өмiрiңнiң жақсаруына, жаңбырдың жаууына, бала-шаға мен дүниенiң көбеюiне себепкер болады.
- 20 мәрте Пайғамбарымызға с.а.с. салауат айтуға болады.
- Бұның сауабы ретiнде Аллаһ сiзге 200 есе қылып қайтарады.
- «Субханаллаһи уа бихамдиһ, Субханаллаһил ъазим» дұғасын 50 мәрте айтуға болады. Бұл дұға тiлге жеңiл арғы дұниеде таразыда ауыр болады.
- Бир минут iшiнде «Лә иләһә иллаллаһ» деп 50 мәрте айтуға болады. Ал бұл сөздердiң ең ұлысы.
- «Субханналлаһи, уалхамду Лиллаһи уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу акбар» дұғасын 25 мәрте айтуға болады. Бұл дұға Аллаһ субханаһу уа таъаланың сүйiктi сөздерiнен.
- Бiр минут iшiнде екi қолыңды көтерiп Аллаһқа дұға ете аласың.
Аллаһ дұғаларымызды қабыл етіп, тура жолынан адастырмасын.
Ұ.Алиакбарұлы.
21 Наурыз, 2012 | 11:06
Рахмет! Макалаңыз өте ұнады. Асыл дініміз Ислам жолындағы еңбектеріңізге АЛЛА разы болсын!
20 Наурыз, 2012 | 20:24
Уақыттың қадірін көрсететін рсы мақалаңызға Алла разы болсын! Толық қосыламыз және өмірде қолдануға тырысамыз.