Бекзат Сыздықов: Ислам ынтымақ пен береке-бірлік діні

Ислам – амандық, есендік, мойын сұну, бағыну, берілу мағыналарын білдіреді. Яғни, Ислам діні әрқашанда амандық пен есендік, тыныштықпен ынтымақ, береке-бірлік жолын ұстанатын дін. Ұлы Аллаһ Құран Кәрімде бізді бірлікпен ынтымаққа шақыра отырып, былай дейді: «Барлықтарың Аллаһтың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» (Әл Ғимран сүресі, 103-аят). Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес»- дей отырып біздер үшін бірлікпен ынтымақтың қаншалықты маңызды екендігін білдірген. Сондай-ақ, Ислам діні әрбір ұлт өкілдеріне құрметпен қарап ешкімді ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап ажыратып бөлмейді. Аллаһтың алдында ешкім ешкімнен артық емес, егер қандайда бір артықшылық болатын болса ол тек тақуалықпен ғана өлшенеді. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам атамен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттармен ұлыстарға бөлдік. Расында Аллаһ алдында ең абыройлыларың  тақуаларың  (Аллаһтан шынайы түрде қорыққандарың). Аллаһ барлық нәрсені толық білуші, барлығынан хабардар» (Хужурат сүресі, 13-аят) - деп баяндалады. Ал пайғамбарымыздың (с.ғ.у) хадисінде: «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Аллаһтың алдында ең мәртебелілерің діндар болғандарың». деп ескертілген. 

   Аллаһқа сансыз шүкірлер болсын тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап қайта оралған ата дініміз Ислам еліміз Қазақстанда едәуір қарқынды дамып келеді. Оның жарқын мысалы ретінде еліміздің түпкір-түпкірінде күн санап ашылып жатқан мешіттермен медреселер, Алланың жердегі үйі болған бұл қасиетті мекендерге келіп, Аллаға мінәжат етіп, сәждеге бас қойушылар қатарының көбейіп келе жатқандығын айтуға болады. Сондай-ақ халқымыздың ынтымақ бірлігі артып көптеген ұлтпен ұлыс өкілдері дүрдараз болмай, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Саяси және діни тұрақтылықтың арқасында өзге елдердегідей аласапыран бізде жоқ (Алла бетін аулақ қылсын)

   Дегенмен, осындай ынтымағы мен бірлігі жарасқан халқымыздың арасына ірткі салып, алауыздық тудырғысы келетіндер де жоқ емес. Бір өкініштісі, осы мақсатты көздеген жат пиғылдылар дініміздің нәзік тұстарын өз мүдделеріне пайдаланып, қасиетті Құран аяттарымен пағамбарымыздың (с.ғ.у) хадистерін өз түсініктері бойынша бұрмалап елді шатастырып жүр. Шынайы Исламға жат теріс ағымдардың жасап жатқан бұл теріс іс-әрекеттері ата дініміз Исламның елімізде еркін дамуына, сондай-ақ еліміздің қәуіпсіздігімен халқымыздың тұтастығына айтарлықтай зиянын тигізуде. Аллаһ Тағала ел ішінде бүлік тудырып шатақ шығарудың қаншалықты үлкен күнәлі іс екендігін қатаң түрде ескертіп, төмендегі аятта:                                                                                                                                         «Фитна (бүлік) шығару адам өлтіруденде ауыр күна» (Бақара сүресі, 217-аят) деп баяндайды. Яғни халықтың арасында әртүрлі іріткі фитналар тудыру, бүлікке алып баратын іс әрекеттерді жасау Исламда адам өлтіруденде ауыр қүнә болып саналады. Өйткені сол фитналардың нәтижесінде көптеген бейкүна жандардың, бейбіт халықтың қаны төгілуі мүмкін. Ал пайғамбарымыздың (с.ғ.у) хадисінде: «Бір адамның қанын нахақтан төгудің күнәсі  жер бетіндегі бүкіл адамдардың қанын төккенмен бірдей болады» делінген. Сондықтан да жүрегінде шынайы иманы бар мұсылман адам мұндай іріткі фитнаға алып баратын іс әрекеттерді жасамауы, ондай істерден әрқашанда алыс туруы қажет. Бұзақылыққа, бүлікке, ел тыныштығын бұзатын жәйттерге ешқандай да жол бермеуі тиіс. Мұсылмандар үшін ең маңызды нәрсе халықтың тыныштығы, елдің бірлігі. Бір елде турып нанын жеп, суын ішіп отырғандықтан бір бірімізге әрдайым құрметпен қарап өзара жақсы қарымқатынаста болуымыз керек. Өйткені Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Шын мәнінде, мүминдер бір-бірімен бауыр сондықтан бір-біріне ренішті болған бауырларыңды татуластырыңдар. Аллаһтан қорқыңдар» деп бұйыруда. Ал пайғамбарымыздың (с.ғ.у) хадисінде: «Сіздер иманға келмейінше жұмаққа кіре алмайсыздар. Ал бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше иманға келе алмайсыздар» делінген. Яғни, бір-бірімізді жақсы көрмейінше шынайы мұсылман болып саналмаймыз. Жақсы көру дегеніміз, өзің үшін пайдалы болғанды өзгелергеде қалап өзің үшін зиянды болғанды өзгелерге қаламау. Тіпті, өз мүддеңнен өзге бауырларыңның мүддесін үнемі жоғары ұстау. Һижреттің 12 жылында Византиялықтармен Мұсылмандар арасындағы болған «Иәрмук» шайқасына қатысқан Хузайфа әл-Әдәуй атты сахабаның басынан өткізген мына бір оқиға қандай ғибрат аларлық десеңізші. Ол (р.а) соғыс бітісімен немере ағасының баласын іздестіре бастайды. Біраз уақыттан кейін оны жаралы хәлде тауып, аузына су тамызайын деп ұмтыла бергенде кенеттен жанында жатқан тағы бір жаралының ыңырсыған даусы естіледі. Солақ екен інісі суды ішпей жанындағы қиналып жатқан келесі жаралыға алыпбар дегендей сыңай танытады. Хузайфа әл-Әдәуй суын алып дереу екінші жаралының жанына барады. Ол Астың ұлы Хишам болатын. Оғанда енді ішкізейін деп жатқанда жанынан тағыда бір жаралының ыңырсыған даусы естіледі де, Хишамда суды ішпей қояды. Жағдайды түсінген Хузайфа әл-Әдәуй суын алып үшінші жаралының жанына барады. Бірақ ол, суды ішпестен көз жұмады… Хузайфа әл-Әдәуй Хишамның жанына қайтып орлғанда олда көз жұмған болады. Енді неде болса немере ағамның ұлына ішкізейін деп асығып інісінің жанына келсе, Ол да (р.а) аманат жанын Раббысының жолында пида етіп жан тәсілім еткен болады. Міне, кәзіргі таңда біз мұсылмандарға осы бір бауырмалдық сезімі жетіспей жатқан сияқты… Ислам сенімі бойынша Аллаға сеніп пайғамбарды мойындаған әрбір кісі мұсылман болып саналады. Мұсылман болғаннан кейін жоғарыдағы аят хадистерде айтылғандай олар бір-бірімен бауыр. Ал шынайы бауырластық бір-бірімізді жақсы көрумен болады. Бір-бірімізді осылай өз нәпсімізден артық жақсы көрген жағдайда ғана Ұлы Раббымыздың құзырында шынайы иман келтірген мұсылман ретінде саналмақпыз. Жалпы біз мұсылмандардың бірлігімізді сақтап ауыз біршішілігізді арттыратын көптеген ортақ құндылықтарымыз бар. Мәселен Құранымыз, Пайғамбарымыз, Құбламыз, т.б айта берсек мыңдаған ортақ мәселелеріміз бар. Осыншама ортақ құндылықтарымыз бола тұра болмашы нәрсеге таласып, түймедейді түйедей етіп жүзге, руға бөлігеніміз аздай енді дінге, мазһабқа бөлініп өзара қырық пышақ болсақ, «Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болар» дегендей елдігіміз ыдырап дұшпанның жемтігіне  айналмасымызға кім кепіл? Тарихқа үңілсек қашанда мұсылмандардың басына келген ауыртпашылықтармен қиыншылықтар бірліктің бұзылуы мен мұсылмандардың өзара бөлінуінен туындағандығын көреміз. Сондықтан өзара бөлінушілікке жол бермейік құрметті бауырлар! Аллаһ баршамызды бір дін, бір мәзһаб аясында бірігуді нәсіб етсін! Бірлік-қуаттың, күштің көзі, ал бөлінушілік, жікшілдік бәлекеттің, апаттың көзі. Алтау ала болса ауыздағы кетеді деген бар. Аллаһ ынтымақ бірлігімізден айырмасын. Еліміздің еңсесі биік, дініміздің діңгегі берік болсын (әмин).

Бекзат Сыздықов

Мақтарал аудындық орталық «Өткелбай» мешітінің бас имамы

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


+ 6 = 13