Дулатбаев Жорабай: «Білім абзал ма, әлде мал-дүние?»

Пайғамбар (с.а.у) хадисінде «Мен білімнің қаласымын, Али оның қақпасы. Білім үйренгісі келгендер сол есіктен кірсін» деген. (Термизи. Манақиб: 20). Мұны естіген бір неше көреалмайтын адамдар «Али (р.а)-ден 10 кісі жеке-жеке барып бір мәселені сұраймыз. Егер әр бірімізге басқа-басқа жауап берсе, Мухамед (с.а.у) сөзі ақиқат, хазрет Али (р.а) білімді екендігі рас болғаны. Егер бәрімізге бірдей жауап берсе,хазрет Али (р.а)-дің білімділігі өтірік болғаны»-деп өзара келісіп хазрет Али (р.а)-ді сынау үшін алдына келіп сұрақ қойған екен.

Біріншісі хазрет Али (р.а)-дің алдына келіп: «Е Али білім абзалма, мал-дүние абзалма?» деп сұрады. «Білім абзал» деді хазреті Али (р.а) Келген адам «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деп сұрады. ХазретАли (р.а) «Білім пайғамбарлар және әулиелерден қалған мирас, мал дүние Фиръавн және Қарынбайларға ұқсас адамдардан қалған мирас»-деп жауап берді.

Екіншісі келіп: «Е Али білім абзалма, мал-дүние абзалма?»-деп сұрады. Хазрет Али (р.а): «Білім абзал»-деді. Келген адам «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деді. Хазрет Али (р.а): «Білім сені қорғайды, бірақ малды сен қорғайсың»-деп жауап берді.

Үшіншісі келіп: «Е Али білім абзалма мал-дүние абзалма?»-деп сұрады. Хазрет Али (р.а): «Білім абзал»-деді. Ол адам: «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деп сұрады. Хазрет Али (р.а): «Білімді кісінің досы көп болады, мал дүниесі көп адамның дұшпаны көп болады»-деді.

Үшіншісі кетіп төртіншісі келіп және сол сұрауды сұрады. Хазрет Али (р.а): «Білім абзал»-деді. «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деп сұрады келген адам. «Білімді қанша жұмсасаң соншалық артады, ал мал дүниені жұмсасаң азаяды»-деді хазрет Али (р.а).

Бесіншісі келіп «Е Али білім абзалма, мал-дүние абзалма?»-деп сұрады. Хазрет Али (р.а): «Білім абзал»деді. «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деп сұрады ол адам. Али (р.а): «Білімді адам құрметпен,жақсы атпен еске алынады, ал бай адам бахыл және қызғаншақ деген атпен еске алынады»-деді.

Бесіншісі кетіп кейінгі алтыншысы келіп «Е Али білім абзалма мал дүниема?»-деп сұрады. Хазрет Али (р.а): «Білім абзал» екендігін айтқанда. «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деп сұрады келген адам. «Білімді қорғаудың керегі жоқ ұры-қарақшы ала алмайды, ал мал дүниені ұры-қарақшыдан сақтап қорғау керек»-деді хазрет Али (р.а)

Жетіншісі келіп және алдыңғылары қойған сұрауды қойғанда.  Хазреті Али және алдыңғыларға берген жауабын қайталады. «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деп сұрағанда. «Білімді адамның білімінен есеп жеңіл әрі кем болып, қияметте шапағат етеді, ал мал дүниесі көп адам қияметте есебі ауыр әрі көп болады»-деді хазрет Али  (р.а). Содан соң сегізіншісі келіп «Е Али білім абзалма, мал-дүние абзалма?»-деп сұрады. Хазрет Али (р.а): «Білім абзал»деп жауап берді. «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деген сұрағына. Хазрет Али (р.а): «Білім қанша уақыт тұрса да жоқ болмайды, тозбайды, ал мал-дүние көп тұрса ескіріп, тозады нәтижеде жоқ болады»-деді.

Тоғызыншысы келіп және сол сұрауды қайталады. Хазрет Али «Білім абзал»-деген жауабын қайталады. «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деген сұрағына. Хазрет Али (р.а): «Білім жүректі жұмсартып, тазартады, адамға ақыл ой қосып, көңілді нұрландырады, ал мал-дүние жүректі қатайтып, карайтады, масаттандырып дүниеқоңыз етеді»-деді. Соңғы оныншысы да келіп «Е Али білім абзалма, мал-дүние абзалма?»-деп сұрады. Хазрет Али (р.а) оғанда «Білім абзал»-деп жауап қайырды. «Қайсы дәлелмен білім абзал»-деген сұрағына. Хазрет Али (р.а): «Егер пенденің білімі көп болса пайғамбарлар сияқты кішіпейілдікпен пенделік етеді, Адамның мал-дүниесі көп болса оған мастанып Перғауынға ұқсап құдайлық  айтып менменсиді такаппарланады»- деді. Осылай барлығына басқа-басқа жауап бергенде, олар хазрет Али (р.а)-дың білімді, ғалым екенін, Пайғамбар (с.а.у)-нің сөздері рас екенін тасдықтап, иман калимасын айтып мұсылман болған екен.

 Хазрет Али (р.а) оларға: «Егер бұл мәселеде өмірімнің ақырына дейін сұрасаңыздарда, басқа-басқа жауап берген болар едім»- деген екен.  Сондықтан Пайғамбар (с.а.у) хадисінде айтқанындай. Бесіктен қабірге дейін білім іздейік жамағат.

  Сарыағаш ауданы Келес өңірі «Ешан баба» мешіті бас имамы: Дулатбаев Жорабай

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Алла тағала разы болсын Жорабек бауырым!

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


7 + 6 =