Бүгіннен бастап ИНТЕРНЕТ АРЗАНДАЙДЫ…

Биылғы 1 мамырдан бастап телекоммуникация қызметтерiнiң тарифтерiне өзгерiстер енгiзiледi. «Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметiнiң деректерiне сүйенсек, Интернет желiлерiн пайдалану ақысы арзандайды. Мәселен, «Megaline Hit» жүйесi бойынша ай сайынғы төлем 10 пайызға (400 теңгеден астам),  «Megaline Hit Optima» жүйесi 5 пайызға (175 теңгеге), «Megaline iD Net Drive» жүйесi 12,5 пайызға (700 теңгедей)  төмендетiледi. Сонымен қатар, жалпы «Megaline» желiсiнiң қызметiн орнату 6 пайызға (423 теңгеге) және телефон желiсiне қосылу құны заңды тұлғалар үшiн 26,5 пайызға (7123 теңгеге), жеке кәсiпкерлерге 16 пайызға (3723 теңгеге)  жеңiлдетiледi. Бұл тұтынушыларды қуантатын жәйт.

Алайда қалалық және ауылдық жерлерде тұратын абоненттер үшiн телефон аппараттарының ай сайынғы төлемi 20 пайызға қымбаттайды. Нақтылай айтсақ, уақытпен есептеу жүйесiне көшiрiлмеген негiзгi телефон үшiн ай сайынғы абоненттiк төлем қалада 624 теңгеден 748-ге, ауылда 414-тен 492 теңгеге дейiн өседi. Ал, уақытпен есептеу жүйесiне көшiрiлген телефон аппараттары үшiн ай сайынғы абоненттiк төлем 309-дан 371 теңгеге дейiн көтерiледi.

Жекеменшiк iстермен айналысатын нотариустар, адвокаттар және кәсiпкерлер де қымбаттатылған телефон қызметiн пайдаланылатын болады.  Егер олар уақытпен есептеу жүйесiне көшiрiлген аппаратты пайдаланса, онда ай сайынғы абоненттiк төлем 597 теңгеден 716-ға, қалыпты телефон үшiн 746-дан 895 теңгеге дейiн төлемақы төлейдi.

Телекоммуникацияның жоғарыда аталған қызметтерiнен басқасы бұрынғы қолданыстағы тарифтер деңгейiнде сақталады.

 Ш.ҚОНЫСБАЙҰЛЫ.

Оңтүстік Қазақстан газеті, №65, 26 cәуір,  2012   жыл.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


9 − 1 =