Шардара ауданы: «Отанды сүю иманнан»

Сәуір айында аудандық әскери комисариатта әскерге шақырылған сарбаздарды шығарып салу салтанатына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы подполковник Қабылов Жұмабек, аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, қала әкімшілігінің бас маманы Беркінбаева Сәуле, аудан имамы Асылхан Данияров, сол жағалау елді мекенінің ауыл  биі Махамбетов Мұңалбек, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынбек Ізтілеу, аудандық жастар орталығының директоры Айтенова Сағида, ішкі істер бөлімінің полиция майоры, ауған соғысының ардагері, қызыл жұлдыз иегері Мырзахметов Сапарғали, ауған соғысының ардагері запастағы аға лейтенант қызыл жұлдыз иегері Жұмаділлаев Мырзахан қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы құттықтау сөзінде ата бабамыз біздерге мирас етіп қалдырған кең байтақ жерімізді қорғау бүгін сіздерге аманат етіп жүктеліп отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан қарулы күштерінің қатарынан болуды зор құрмет санап: «Әскерге шақырылған азамат Отанымызды ғана емес сонымен бірге, өздерін және отбасыларын қорғаушылар болып табылады. Біз бейбіт ел, бейбіт мемлекетпіз. Басқа елдерге, соның ішінде көршілерге өкпе назымыз жоқ. Дегенмен, тәуелсіздігімізді, шекарамызды қорғау үшін барлық уақытта ұтқырлығы жоғары, жақсы жабдықталған қарулы күштеріміз, бек сенімді жан - жақты даярланған Отан қорғаушыларымыздың болуы тиіс», - деп әскери міндетке үндейді деген сөзімен  аяқталды.

Аудан имамы Асылхан Данияров әскерге аттанушы жас сарбаздарға батасын беріп, сапарларына сәттілік тілей отырып, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) - нің хадисін «Отанды сүю иманнан» демек отанды қорғау ол барша мұсылманның парызы екендігін тілге тиек етті.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Игі іс-шараларға бастамашыл болып жүретін сіздей аудан имамынан жас имамдар үлгі алса деген тілегім бар.Асеке, Аллаһ тағалам отбасыңызға амандық, деніңізге саулық берсін. Асыл дініміз Исламға қызмет ету жолында табыстар тілеймін!

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


− 7 = 1