Шардара ауданы: Тәрбиелік мәні бар көшпелі кездесу

Мамыр айының 02 - ші жұлдызында Алатау батыр ауылдық округі Сырбай Кеттебеков жалпы орта мектебінде «Төл дінімізді сақтау өркениеттің кепілі» атты тақырыпта семинар кеңес өтті. Семинарға Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Облыстық ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Тұрсынбай Нұржан Арыстанұлы, бөлім бастығы Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, маман Кенжеев Асқар Абдуллаұлы, аталмыш мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудан көлеміндегі мектептердің социолог психологтары, дін тану негіздері бойынша мұғалімдері, ауылдық учаскелік инспекторлары, өзге де бөлім қызметкерлері, аудан көлеміндегі мешіттердің имам - молдалары мен мектептің  жоғарғы сынып оқушылары  қатысты. Семинарды Алатау батыр ауыл округінің  әкімі Ешанқұлов Талғат Зейілбекұлы жүргізіп отырды.

Алғашқы болып сөз алған Нұржан Арыстанұлы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының жанынан құрылған Әлеуметтік бастамалар орталығының мамандары қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты аудан әкімшілігі, мәдениет сарайында кездесулер өткізіп келеді. Басты мақсатымыз кейінгі өскелең ұрпаққа, Ислам діні - белгілі бір уақытқа ғана емес, қияметке дейін жалғасатын жүйе, һәм, нақтылы бір қауымға ғана емес, жер  бетіндегі барша адамзатқа жіберілген ақырғы дін. Енді ғана  тәй - тәй басып, мұсылманшылықты жаңадан үйреніп жүрген аз ғана халқымыздың арасында бәрінен бұрын бірлік, ынтымақ қажет. Тек айтпағымыз шет елден келген келімсек миссионерлер руханиятқа шөлкіреген, ақ пейілді халқымызды алдап арбап жатқан осынау кезеңде біздер аса қырағы болуымыз керек.

Бөлім бастығы Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы дәстүрлі діндердің шығу тарихына тоқталып, соның ішінде Қасиетті дініміз Исламға кеңірек тоқталып өтіп, арнайы дайындап ала келген ішкі саясат басқармасының дайындаған кітапшалар мен бейне материалды мектеп басшылығына табыс етті.

Кенжеев Асқар сөз кезегінде өзі  осы ауылдың тумасы екендігін айта өтіп,  Алатау батыр ауылында көзіне сондай - ақ ыстық көрінген Сырбай Кеттебеков мектебінің ұстаздарынан алғашқы білім алғандығын мақтанышпен жеткізе отырып, уақыттың талабы білімді білікті болу, елдің үміті, Ел басымыздың үміті болашақ жастар ол сіздер деп, жастарды білімді, білікті, иманды, инабатты  болуға шақырды. Шымқаладан келген қонақтар залдан қойылған сұрақтарға рет кезегімен тұшымды жауап берді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


4 + 7 =