Бүгін - Ұлы Жеңіс күні!

Бүгін 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні.Бұл күні Кеңестер Одағының халқы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті.

Екінші дүниежүзілік соғысына кейбір деректер бойынша 400 мың, енді бір деректерде 1 млн. 200 мың адам қатысты делінеді. 600 мыңнан астам қазақстандық немесе соғысқа қатысқандардың әрбір төртіншісі бұл соғыстан оралмады. 503 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанса, оның ішінде 4-еуі: Т.Ж.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды.

Бұдан бөлек, бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар  алды. Олардың бесеуі - бір, төртеуі - екі, екеуі  үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И.В.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар.  Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.

Сол жылдары Қазақстан соғыстың тылдағы арсеналы болды. Неміске атылған 10 оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

Биыл Ұлы Жеңіске 67 жыл толып отыр. АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


1 + 3 =