Хайыз және нифас кітабы – ТӘЙЯММҮМ

Тәйяммүм дегеніміз – дәрет немесе ғұсыл алу үшін таза су табылмағанда, ниет етіп, таза топыраққа екі қолын ұрып, әуелі бетіне мәсіх тартады. Содан соң және екі қолын таза топыраққа ұрып, шынтаққа дейін екі қолына мәсіх тартылады.

ТӘЙЯММҮМНІҢ ПАРЫЗДАРЫ:

1) Ниет ету;

2) Таза жер жынысын табу;

3) Екі алақанды жерге ұрып, бетті сипау;

4) Тағы ұрып, қолды шынтақпен қоса сипау.

ТӘЙЯММҮМНІҢ СҮННЕТТЕРІ:

1) Әуелі «Бисмилләһ» айту;

2) Ретімен атқару;

3) Үзіліс жасамай тез-тез орындау;

4) Топыраққа ұрған кезде қолдарды әуелі алға созу;

5) Содан соң кері тарту;

6) Саусақтардың арасын ашу;

7) Қолдарды жерден көтергенде егер шаң болса, қолдарын бір-бірімен ысқылау.

ТӘЙЯММҮМДІ БҰЗАТЫН НӘРСЕЛЕР:

1) Дәретті бұзатын нәрселер тәйяммүмді де бұзады.

2) Дәрет пен ғұсыл үшін су табылып, бұл суды қолдану мүмкін болса, тәйяммүм бұзылады.

3) Жара немесе кеселге байланысты су тигізе алмағаны үшін тәйяммүм етуге мәжбүр болған адамның жарасы немесе кеселінен айыққан кезде тәйяммүм бұзылады.

Аллаһ тағала ғибадаттарымызды қабыл етсін, Әмин!    foto: www.trueinfos.com

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: ,

Пікір жазу